Зерде • 30 Мамыр, 2024
Досай КЕНЖЕТАЙ: Қуғын көрген діндарлар саны толық анықталған жоқ
Ұлт тарихындағы қаралы кезең – өткен ғасырдың 30-жылдарындағы жаппай қуғын-сүргінде оқыған-тоқығаны бар, көзі ашық ұлт қаймақтарымен бірге елді имандылыққа ұйытқан дін өкілдері де солақай саясаттың құрбаны болды. Зұлмат науқанның ақиқаты әлі де толық ашылған жоқ. Осыған орай біз Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамындағы жұмыс тобының жетекшісі болған философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Досай КЕНЖЕТАЙДЫ әңгімеге тартқан едік.
Қоғам • 30 Мамыр, 2024
Алматы прокуроры орынбасарының ұсталғаны туралы ақпарат рас па?
Алматы қаласы прокурорының орынбасары Ауғанбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасы ресми түрде мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 30 Мамыр, 2024
Емтихан мен аттестаттау басталды
Еліміздегі мектептерде емтихандар басталды. Оқушылардың оқу жылы аяқталған соң тапсыратыны – аралық және қорытынды емтихандар. Аталған емтихандар 11 маусымға дейін жалғасады. Ал колледж түлектерін қорытынды аттестаттау 28 маусымға дейін жүргізіледі.
Құрылыс • 30 Мамыр, 2024
«Болашақта» бой көтеретін баспана
Құлсары қаласында су тасқынынан бүлінген үйлерді бағалау жұмысы әлі жалғасып жатыр. Бұл жұмысты 10 маусымға дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Шаруашылық • 30 Мамыр, 2024
Ырыздық жаңа техникамен ғана артады
Ырыздық жорығына ынталана кіріскен диқан қауымның қолын ауа райы байлап тұр. Жауынның салдарынан көктемгі егіс кідіргелі бір апта. Себу мерзімі ұзарып барады. Жер дегдіген соң, күрт қимылдау керек. Алға басқан қадамды кері кетіретін ендігі бір себеп – техниканың тозуы. Өңірдегі ауыл шаруашылығы техникасының 60 пайыздан астамы қаусап тұр.