Спорт • 16 Мамыр, 2019
Бақтияр Байсейітов грек-рим күресінен ел құрамасының бас бапкері болды
Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері ауысты. Осыған дейін бұл міндетті атқарған Нұрым Дүйсеновтің орнына Бақтияр Байсейітов келді.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2019
«Менің Жібек жолым» атты сурет көрмесі ашылды
Мемлекеттік орталық музейінде батик өнерінің шебері Жанар Нүкетаеваның «Менің Жібек жолым» атты жеке көрмесі ашылды. Оның Жібек жолы құрылымы айрықша, өзгеше ешкімге ұқсамайтын жүйе деп біліңіз. Танымы әспеті бөлек. Өзіне шақырып тұратын Жанардың Жібек жолы риясыз сымбатымен тартады.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2019
Сарысу ауданында кәсіпкерлер көпбалалы аналарға баспана алып берді
Бүгінгі таңда Жамбыл облысында аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету, оларды баспанамен қамту жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіліп келеді. Енді бұл бастама өңірдің аудандары мен ауылдарында да қолдау тауып отыр. Қасиетті Рамазан айында Сарысу ауданында қос бірдей отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойлады. Кәсіпкер Тоқтасын Біләлиев көпбалалы отбасыларға үй алып берді.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2019
Қарағандыда триатлон-саябақ салынады
Кеншілер астанасында «Көгілдір тоғандар» және Оңтүстік-Шығыс шағын аудандарының арасында триатлон-саябақ бой көтереді. Ашық аспан астындағы бірегей спорт нысанын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жеке құрылыс компаниясы салады.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2019
Ежелгі Ерейменнің топырағынан түлеп ұшып, ел намысын қорғаған балуандар аз емес. Бүгінгі ұрпақ аға буынның боз кілемдегі абыройлы жолын жалғастырумен қатар, олардың бойындағы қайрат-намыстың тегеуірінді тасқынын балауса көкіректеріне сіңіруде. Әрі даңқты жолдың даңқын жаңғыртуда.