Білім • 22 Мамыр, 2024
Географиядан ұлттық олимпиада қорытындыланды
Еліміздің әр өңірінен жиналған география пәнінің үздіктері Астанада жиналды. Олар мұнда тест сұрақтарына жауап беріп қана қоймай, далада компас қолдану, бағдар табу сияқты практикалық тапсырмаларды да орындады. Кәсіби бағдар бойынша дәріс алып, әлемдік проблеманы шешудің жолын бірге іздеп, танымын арттыратын маңызды орындарға экскурсия жасады. Бұл – география пәнінен І ұлттық олимпиаданың аясында көрген-білгеніміз.
Пікір • 22 Мамыр, 2024
Ұлттық мүддені қорғайтын құжат
Президент күні кеше қол қойған бұл заңды ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ерекше маңызды қадамдарының бірі ретінде қабылдау керек. Құжаттағы өзгерістерді екі блок аясында қарастыруға болады. Бірі – еліміздің іргесін нығайтуға және ұлттық мүддені қорғауға бағытталған, екіншісі – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың тағы бір тиімді тетігі.
Құрылыс • 22 Мамыр, 2024
Низамхан СУЛАЙМАНОВ, Қазақстанның құрметті құрылысшысы: Мектеп, балабақша салу – сауапты іс
Низамхан Сулаймановтың жүрісі ширақ. Ойы орнықты. Сөзі салмақты. Арман-мақсаты көп. Болашаққа сенімді. Зейнеткерлікке шыққанына он жылдан асса да, жайбарақат жүргенді жаны жек көреді. Күні бойы бітпейтін қым-қуыт тірліктен әдетте адам баласы шаршап-шалдығатын болса, бұл кісі керісінше күш-қуат алады. Жалындап тұрған жастық шағында осылай еді, сол қалпынан әлі күнге айныған емес. Бұл – ата-анасының тәрбиесі. Қол қусырып қарап отыра алмайды. Низамхан Сулайманұлы демалыс дегенді білмейді. Тіпті қай жылы еңбек демалысына шыққанын да дөп басып айта алмайды. Ол кісіге жұмыс – нағыз демалыс.
Ауа райы • 22 Мамыр, 2024
Жел, жаңбыр: Синоптиктер 22 мамыр күні 14 өңірде ауа райы бұзылатынын ескертті
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 22 мамырда еліміздің 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2024
Атырау облысының аумағында үлкен шұңқыр пайда болған
Атырау облысының аумағында, далалы жерде үлкен шұңқыр пайда болған, деп жазады Egemen.kz.