Қоғам • 17 Мамыр, 2023
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
17 мамырда сағат 03:00 шамасында магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі болды. Зілзала Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 303 шақырым жерде Қытай аумағында тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 17 Мамыр, 2023
Субсидияланған тыңайтқыштарды экспорттауға тыйым салынады
Үкімет қаулысымен тек өндірушілер ғана экспорттай алатын тыңайтқыштардың жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілді. Бұл шара осы өнімді ел аумағынан шығаруға тосқауыл қою және отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында қабылданып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 17 Мамыр, 2023
17 мамырға арналған валюта бағамы
Ұлттық банк 17 мамырға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 17 Мамыр, 2023
Топырақтың тозуы – тоқшылыққа төнген қауіп
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VІІІ сайланған Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде топырақтың құнарын сақтап, оны жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану үшін бақылауды күшейтуді тапсырды. Бұл ретте елімізде тіршілік атаулыға нәр беретін топырақтың құнары мен құрамын зерттеумен Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының мамандары айналысатынын атап өткен жөн. Топырақ құнарлылығын арттыру, оның қоры мен ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлерді тиімді пайдалану негізінде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін ғылыми қамтамасыз ету – институттың негізгі міндеті.Институт ғалымдары топырақта болып жатқан өзгерістердің заңдылықтарын анықтау, егістіктің өнімділігін арттырудың инновациялық технологияларын әзірлеу және оларды өндіріске енгізу бағытында қарқынды жұмыстар атқарып жатыр. Алайда бұл қазіргі заманның жаһандық мәселелері – деградация мен шөлейттенуді шешу үшін жеткілікті ме, топырақтың тозуы мен құнарсыздануының басты себебі неде деген сауалдар төңірегіндегі өткір де өзекті ойларын бүгінгі дөңгелек үстел басында тілге тиек етті. Топырақтың тозуы мен құнарсыздануы Алматы облысында да алаңдатарлық күйде екені тақырыпқа арқау болды. Бұл жөнінде ортаға пікір салғандар – «Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС басқарма төрағасы, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент Раушан Рамазанова, топырақ құнарлылығы және биологиясы бөлімінің меңгерушісі, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент Мария Әменқызы, топырақ экологиясы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы Гүлжан Бейсеева, тұздалған топырақтарды мелиорациялау бөлімінің меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымының магистрі Мақсат Пошанов, агрохимия бөлімінің меңгерушісі, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент Бақытбек Әміров.
Медицина • 17 Мамыр, 2023
Омыртқаға жасалған бірегей операция
Астанада ғалымдардың ең жаңа әзірлемесі – титан металл конструкциясы алғаш рет үш жасар балаға туабітті патологиясы – сколиоздың ауыр түрін түзету үшін орнатылды.