Денсаулық • 18 Мамыр, 2025
Қазақстанда 120 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді
Бүгінде елімізде 120 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы (бұдан әрі – БҰӨО) жұмыс істейді, оның 57-сі қалаларда және 63-і ауылдарда орналасқан. 2024 жылы орталықтардың қызметін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттерден бөлінген жалпы қаражат көлемі 5,9 млрд теңгені құрады. Биыл бұл мақсатқа 6,7 млрд теңге қарастырылған.
Ғылым • 18 Мамыр, 2025
Baitursynuly University болашақ инженерлерін даярлау стратегиялары талқыланды
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің базасында инженерлік білім беру саласындағы оқу-әдістемелік бірлестіктің кеңейтілген көшпелі отырысы өтті. Іс-шара тақырыбы – «Инжиниринг 4.0: стратегиялар, өзекті мәселелер және серіктестік».
Туризм • 18 Мамыр, 2025
Алакөл демалыс орнын абаттандыруға қомақты қаржы бөлінеді
Маңызды жиын Абай атындағы театрда ұйымдастырылып, қосымша онлайн трансляция жасалды. Жиында облысы әкімі Берік Уәли алдағы жылдардағы даму жоспарын баяндады. Онда инфрақұрылымды жаңарту, инвестициялық жобалар, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту, білім, денсаулық сақтау және мәдениет салаларындағы бастамалар туралы айтылды. Кеңейтілген жиын өңір жұртшылығы мен кәсіпкерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып, даму перспективалары ұсынылды.
Денсаулық • 18 Мамыр, 2025
Астанада төрт ай ішінде АИТВ инфекциясын 130 адам жұқтырды
Әлемде жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аталып өтеді. Биыл бұл күн 18 мамырға сәйкес келіп отыр.
Жемқорлық • 18 Мамыр, 2025
Түркістанда мал шаруашылығына бөлінген ақша ұрланған
Облыста мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 271 млн теңге субсидия қолды болған. Нақтырақ айтқанда, 31 шаруа қожалығы бойынша деректер базасына мал шаруашылығында шынында жоқ мал туралы жалған мәліметтер енгізілгені анықталды, деп жазады Egemen.kz.