Денсаулық • 18 Мамыр, 2025

Астанада төрт ай ішінде АИТВ инфекциясын 130 адам жұқтырды

100 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлемде жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аталып өтеді. Биыл бұл күн 18 мамырға сәйкес келіп отыр.

Астанада төрт ай ішінде АИТВ инфекциясын 130 адам жұқтырды

Астана қаласындағы адамның иммун тапшылығы вирусының (ВИЧ) алдын алу орталығының мәліметінше, қазіргі таңда елордада ауруды ерте кезеңде анықтау мен емдеуге бағытталған бірқатар емдік-профилактикалық шара қолға алынған.

- АИТВ инфекциясын ерте анықтау адамның иммундық жүйесінің жай-күйін бақылауға және қосалқы инфекциялардың дамуын болдырмауға мүмкіндік береді. Сол себепті қала тұрғындарына АИТВ-ға тестілеуден еркін өтуге жағдай жасалған. 2025 жылдың алғашқы төрт айында 160 мыңнан астам адам инфекцияға тексеруден өтті. Бұл жалпы халықтың шамамен 12 пайызын құрайды, - деп хабарлады орталықтан.

Соңғы он жылда антиретровирустық терапиямен қамту көрсеткіші 5 есе өскен. Қазіргі уақытта АИТВ-мен тіркеуде тұрған адамдардың 93%-ы қажетті ем алып жатыр. Вирустың анадан балаға жұғу көрсеткіші 1%-дан аспайды, бұл өз кезегінде нәрестелер арасында инфекция жұқтыру қаупін едәуір азайтады.

- АРТ-терапия қолжетімділігінің артуының арқасында ЖИТС-тен өлім-жітім деңгейі өскен жоқ. Ол бұрынғы көрсеткіш деңгейінде сақталып отыр, - дейді мамандар.

Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, үкіметтік емес ұйымдар, жастар денсаулық орталықтары және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы бірлесіп, бірқатар іс-шара өткізді. Атап айтқанда, «Хан Шатыр» сауда орталығында халыққа арналған Ашық есік күні және экспресс-тест жүргізу акциясы, Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне арналған түсіндіру шаралары ұйымдастырылды.

Мамандардың айтуынша, тек Астана қаласының өзінде 2025 жылдың алғашқы төрт айында АИТВ инфекциясының 130 жаңа фактісі тіркелген. Оның 60%-ы 20-39 жас аралығындағы азаматтардан анықталған.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50