Спорт • 19 Мамыр, 2024
Нариман Құрбанов Азияның екі дүркін чемпионы атанды
Спорттық гимнастикадан Өзбекстанның бас шаһары Ташкентте өтіп жатқан Азия біріншілігінде отандасымыз топ жарды. Гимнастикалық ат снаряды финалында 15.600 ұпай жинаған Нариман Құрбановқа алтын медаль тағылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2024
Облыс әкімі тасқын қаупі жоғары ауылдардағы жұмыстармен танысты
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов Махамбет ауданындағы Талдыкөл, Сарайшық, Махамбет, Сарытоғай, Ақжайық ауылдық округтеріндегі бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексеріп, нөпір суды елді мекендерден қауіпсіз өткізу туралы тапсырма берді. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 19 Мамыр, 2024
Жоғары білім бағдарламалары: Климаттық өзгерістер
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Климат өзгерісі бойынша білім берудің болашағы: педагогтар мен стейкхолдерлер арасында синергия құру» тақырыбында Азия форумы өтті. Абай университеті, Окаяма университеті, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесі бірлесіп ұйымдастырған форумға Жапонияның ғылымды дамыту қоғамы (JSPS) қолдау көрсетті. Форум климаттың өзгеру мәселелерін шешу үшін білім беру мекемелері мен стейкхолдерлер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуды, білім берудегі тұрақты даму мен инновацияға ықпал ететін бірлескен стратегияларды әзірлей отырып, білім және озық тәжірибе алмасу алаңын құруды көздейді.
Ұлттық спорт • 19 Мамыр, 2024
Ұлы дала жорығы: Үшінші маусым басталды
Павлодарда әйгілі геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгенің үшінші маусымы басталды. Ашылу салтанатына «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, марафон-бәйгенің тең ұйымдастырушысы Әлібек Әлденей, «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 19 Мамыр, 2024
Жаңаарқада Ұлттық ұлан батырын еске алуға арналған турнир аяқталды
Бүгін Ұлытау облысына қарасты Жаңаарқа ауданында Ұлттық ұланның батыры, республикалық жарыстардың чемпионы марқұм Айбат Амановтың құрметіне ұйымдастырылған бокстан үш күндік турнир мәресіне жетті. Жабылу салтанатына батырдың ата-анасы мен туыстары, марқұмның қызмет атқарған Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5514 әскери бөлімі, сондай-ақ аудан әкімдігінің ардагерлері мен өкілдері қатысты. Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткен додада Жаңаарқа, Шет ауданы, Ақадыр кентінен келген боксшылар өзара мықтыны анықтады. Сарапшылар да спорттық шараның жоғары деңгейде өткенін бірауыздан айтты.