Экономика • 17 Мамыр, 2024
Шенділер дамудың шешімін таба ала ма?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке ел экономикасының жыл сайынғы өсімі 6 пайыздан кем болмауы керектігі туралы тапсырма бергені белгілі. Осыған орай Үкімет экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін бірінші кезектегі істердің жоспарын өзінің қаулысымен бекіткен. Қаулыда жоспардың орындалуын бақылау бойынша бірінші басшының жеке жауапкершілігі нақтыланған.
Саясат • 17 Мамыр, 2024
Өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері
Астана қаласында Орталық Азия елдерінің Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының алғашқы отырысы өтті. Жиынға Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.
Үкімет • 17 Мамыр, 2024
Көршімен тату болғанның көкжиегі кеңейеді
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтіп, сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады.
Өндіріс • 17 Мамыр, 2024
Мамандардың дерегіне жүгінсек, елімізде соңғы жылдары ірімшік өндіру көрсеткіші 10 пайызға дейін артқан. Дегенмен отандық өнімдер сұраныстың 55 пайызын ғана қанағаттандырып отыр. Бұл, әрине, аз. Осы орайда өткен жылы Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуді міндеттегенін еске сала кетейік. Сондай-ақ Президент ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу, өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамытуға басымдық беру қажеттігін айтты.
Саясат • 17 Мамыр, 2024
Терең өңдеу әлеуетін талқылады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунмен кездесуі барысында екіжақты сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың серпінді даму қарқыны аталып өтті және екі ел экономикасын бірлесіп жаңғырту мәселелері талқыланды.