Сайлау • 12 Мамыр, 2019
Әміржан Қосанов еліміздің солтүстік өңірінің тұрғындарымен кездесті
Бүгін ҚР кезектен тыс Президенті сайлауына «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің атынан ұсынылған кандидат Әміржан Қосановтың республикалық штабының өкілдері Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаево қаласына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Спорт • 12 Мамыр, 2019
Жағажай ойындары: Қазақстан - Норвегия 5:1
Әлемдік жағажай ойындарында Қазақстан алғашқы жеңісіне қол жеткізді деп жазады Olympic.kz.
Сайлау • 12 Мамыр, 2019
Д. Еспаева үгіт науқанын Алматыдағы «Ақсай-нан» наубайханасынан бастады
Дания Еспаева өзінің сайлауалды үгіт науқанын еліміздегі ірі наубайханалардың бірі Алматыдағы «Ақсай-нан» ЖШС бастады. Мемлекет тарихындағы тұңғыш әйел-үміткер және Республикандық штабтың жетекшісі Азат Перуашев бастаған оның жақтаушылары кәсіпорын ұжымына сайлауалды бағдарламаның басты тұстарын айтып өтті: бизнесті қолдау, ұлттық тәуелсіздік және жемқорлықпен күрес, деп хабарлайды «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі.
Руханият • 12 Мамыр, 2019
Тараз қаласында «Даңқ» залы ашылды
9 мамыр – Ұлы Жеңістің 74 жылдығы Жамбыл облысында жоғары деңгейде аталып өтті. Мерекеге арналған облыс орталығындағы салтанатты шаралар легі қаладағы ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алды. А.Сухамбаев, Ы.Сүлейменов, З.Космодемьянская, Т.Тастандиев ескерткіштеріне, әл-Фараби көшесіндегі обелискіге гүл шоқтарын қою рәсіміне облыс әкімінің орынбасарларынан бастап, басқарма, мекеме басшылары, ардагерлер кеңесінің төрағалары, Ассамблея хатшылығының, зиялы қауым өкілдері және тағы басқалар, барлығы 5 мыңға жуық адам қатысты.
Қазақстан • 12 Мамыр, 2019
«Арал 2019» экспедициясы басталды
12-мамырда «Арал 2019» экспедиция құрамы Нұр-Сұлтан қаласынан Арал теңізі бағытына қарай жолға шықты. «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Назарбаев Университеті мамандары бірлесіп Солтүстік Аралға ғылыми-танымдық экспедиция ұйымдастыруда.