Саясат • 08 Мамыр, 2019
Бейбіт Атамқұлов Польша Республикасының Сыртқы істер министрі Яцек Чапутовичпен кездесті
Тығыз тарихи байланыстарға және соңғы ондаған жылдар бойы қалыптасқан табысты ынтымақтастықтың тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстан мен Польша саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі жан-жақты нығайтуға ниетті және оны жүзеге асыру үшін әлі де толық іске аспай келе жатқан үлкен әлеуетті пайдаланбақ. Варшавада өткен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен Польша Республикасының Сыртқы істер министрі Яцек Чапутовичтің келіссөздері осындай қарқынмен өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 08 Мамыр, 2019
Түркістан облысының әкімі соғыс ардагерлерін құттықтады
Түркістан облысы бойынша екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлері және оларға теңестірілгендер саны – 12 849, оның ішінде 63-і соғысқа қатысушылар мен мүгедектер, 3-і қаза тапқан жауынгерлердің жары және 9445 тыл ардагері бар. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Ұлы Жеңістің 74 жылдығы қарсаңында ардагерлердің үйіне барып арнайы құттықтады.
Саясат • 08 Мамыр, 2019
Дүниежүзілік демікпеге қарсы күрес күні өтті
Бүгінгі таңда медицина мамандары демікпе кеселі ауыр инфекциялық аурулардың қатарына жататындығын және жүрек-қан тамырлары, инсульт, обыр мен диабеттен кейін бесінші орында тұрғанын алға тартып отыр.
Спорт • 08 Мамыр, 2019
Бокс: Спартакиаданың жеңімпаздары анықталды
Қызылордада V жазғы Спартакиадасы аясында боксшылардың жарысы өз мəресіне жетті. Бұл жарыста еліміздің барлық өңірінен келген 146 спортшы бақ сынады.
Саясат • 08 Мамыр, 2019
Биыл 12 мың көп балалы отбасы өз пәтерлеріне кіреді — Қ. Өскенбаев
Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев көп балалы және аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін ұсыну тетігін іске асыру барысы туралы айтып берді.Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.