Аймақтар • 05 Мамыр, 2019
Алматыда жаңа велотрек іске қосылды
Алматыдағы Орталық мәдени және демалыс саябағында қала жұртшылығы асыға күткен жаңа велотрек ашылды. Спорттық алаңның ашылу салтанатына тозығы жеткен нысанды қалпына келтіруге қаржылай қолдау көрсеткен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның өкілдері, қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек және спортсүйер алматылықтар қатысты.
Элиталық дивизионға жолдама алды
Нұр-Сұлтан қаласында шайбалы хоккейден бірінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионаты бүгін өз мәресіне жетеді. Қазақстан құрамасы төртінші турда Беларусь құрамасын овертаймда жеңіп, 2020 жылы Швейцарияда өтетін элиталық дивизионға жолдама алды.
Руханият • 05 Мамыр, 2019
Димаш Құдайбергеннің суреті Starbox журналының мұқабасына шықты
Димаш Құдайберген әлемдегі ең танымал Starbox magazine интернет-журналының фотосессиясына қатысып, әншінің суреті басылымның мұқабасына шықты. Бұл туралы Димаш Құдайберген өзінің Инстаграмдағы парақшасында жариялады.
Қазақстан • 05 Мамыр, 2019
Мәжіліс депутаттары офтальмологиялық кешеннің жұмысымен танысты
Биыл пайдалануға берілген офтальмологиялық орталық қызметіне солтүстікқазақстандықтармен қатар көрші Ресей тұрғындары да жүгіне алады.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2019
Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысындағы гипс өндіру зауытының еңбек ұжымымен кездесті
Мәжіліс депутаттары Мансұрхан Махамбетов, Қожахан Жабағиев, Бекболат Тілеухан, Серік Құсайынов, Петр Шарапаев Жамбыл облысындағы гипс және гипсокартон өндіретін зауыттың еңбек ұжымымен кездесті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.