Аймақтар • 29 Мамыр, 2018
Маңғыстау облыстық ауруханасында көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша кездесу өтті
Маңғыстау облыстық ауруханасында көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мәселелері бойынша кездесу өтті. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған арнайы бейнематериал көрсетіліп, дәрігерлермен ашық диалог ұйымдастырылды.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2018
2014 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Мерейлі отбасы» өңірлік байқауына 350 отбасы қатысса, биыл 80 отбасы тілек білдірді. Олардың арасынан ақтық сайысқа 24 әулет жолдама алды.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2018
Щучьеде асық атудан 2005-2007 жылы туған кадеттер арасында республика чемпионат өтті
Жақында Щучьеде асық атудан 2005-2007 жылы туған кадеттер арасында өткен республика чемпионатынан Қостанай облысының командасы олжалы қайтты. Ұлдар командасының үшінші орын алуына Данил Бабенконың үлесі мол болды. Жарыста төрешілер оның асықты шиырып, дәл ататын мергендігіне тәнті болды.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2018
Алматыда мыңнан аса экспонат көрермен назарына ұсынылды
Талай-талай сахна тарландарының жұлдызын жағып, бағын ашқан қазақ өнерінің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы қазақ драма театрындағы музейге биыл елу жыл толып отыр. Қазақ өнеріне саналы ғұмырын сарп еткен сахна саңлақтарының шығармашылығы бүгінде театр тарихының қалың қойнауына енген. Ғасырға жуық жылдардың сырлы құпиясын қабырғасына бүккен театр көрермендерге есігін айқара ашып, жәдігер дәрежесіне жеткен асыл бұйымдарды қалың көпшіліктің назарына ұсынды.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2018
Бұл суретті көрнекті абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың қызы Дина Мұхамедхан жақында өзінің фейсбуктегі парақшасында жария етті. Жарияланымның маңдайына «Қорлан» әнінің тарихы» деп жазылыпты. Бірі кәрілікке аяқ басқан, бірі жалындаған жас – суреттегі қос тұлғаны шырамытып отырған боларсыздар. Иә, сол жақтағы – көзінен от шашқан, шоқша сақалды ақсақал әйгілі «Қорлан» әнінің авторы Естай Беркімбайұлы, оң жақтағы – жиырмадан енді ғана асқан жас ғалым Қайым Мұхамедханов. Суреттің тарихына сәл кейінірек тоқталамыз. Әуелі сазгер мен зерттеушінің кездесуі жайында аз-кем әңгіме өрбітсек.