Елорда • 06 Мамыр, 2024
Астанада GPT картиналарының фотокөрмесі өтті
«Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бұл апта «Мөлдір бұлақ» деп аталады, оның барысында су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады. Экоакция аясында GPT нейрожелілік чатының көмегімен жасалған суреттердің фотокөрмесі өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Айбын • 06 Мамыр, 2024
Мереке қарсаңында әскери қызметшілерге құрмет көрсетілді
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов жеке құрамды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыстады. Салтанатты іс-шараға қорғаныс ведомствосының басшылығы, Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектерінің қолбасшылары, әскери бөлімдердің командирлері, әскери қызметшілер мен азаматтық персонал қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 06 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Сербия Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 06 Мамыр, 2024
Алматыда жаңа Ардагерлер аллеясы ашылды
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанында Жангелдин атындағы скверде Ардагерлер аллеясының салтанатты ашылуы өтті. Оған екінші дүниежүзілік соғысының және еңбек майданының ардагерлері, зейнеткерлер қатысты. Аллея аға буынға деген ризашылық пен құрмет символына айналды. Іс-шара шеңберінде алаңға 100-ге жуық жапырақты қарағаш көшеті отырғызылды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Туризм • 06 Мамыр, 2024
Қазақстан азаматтары Вьетнамда 90 күн визасыз жүре алады
2024 жылдың 25 мамырынан бастап Қазақстан азаматтары Вьетнамда 90 күн визасыз жүре алады, деп хабарлайды Egemen.kz.