Тұлға • 01 Мамыр, 2024
Қазақстанның халық суретшісі Ә.Қастеевтің туғанына биыл 120 жыл толып отыр. Соңына екі мыңға жуық құнды дүние қалдырған Әбілхан атамызды ешкімге ұксамайтын біртуар суретші, қазақ бейнелеу өнері тұңғыштарының бірі әрі бірегейі десек, оның ізбасары санайтын өзім ұстаз-суретші ретінде майталман қылқалам шеберінің балалық шағынан өскелең ұрпақ өкілдеріне арнап «Арманына асыққан Әбілхан» атты ғылыми-әдістемелік оқулық шығарған едім.
Спорт • 01 Мамыр, 2024
• Біріккен Араб Әмірлігінің (БАӘ) Фуджейра қаласында семсерлесуден өткен Олимпия ойындарының іріктеу турнирінің алғашқы күні жерлестеріміз жанкүйерлерін қуанта алған жоқ. Артем Саркисян («сабля») мен Софья Ақтаева («шпага») ширек финалда қарсыластарына есе жіберіп, көздеген мақсатына жете алмады. Есесіне келесі күні қоржынымызға екі жолдама түсті. Байрақты бәсекеде барлық бәсекелесінен басым түскен Әйгерім Сарыбай финалда гонконгтік спортшыға 15:13 есебімен сан соқтырды.
Спорт • 01 Мамыр, 2024
Ел спортының қадау-қадау тұлғаларына айналған өзге этнос өкілдерінің арасында мемлекеттік тілді жете білетін, жатық жазып, еркін көсілетін жандар жетерлік. Әрине, тілді біреуге үйрен деп түйрей түсіп түртпектеудің пайдасы кем. Өзің сөйле, айналаң өзі-ақ бойын тіктейді.
Талбесік • 01 Мамыр, 2024
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында шығысқазақстандықтар белсенділік танытып, 20 мың көшет отырғызды. Бұл күні өскемендіктер Қазақстан тауына өрлейтін соқпақтың бойына қайың мен шырша екті.
Халық • 01 Мамыр, 2024
Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақмола филиалының жанындағы жастар ассамблеясы басын біріктіріп отырған 140 ерікті, студенттер мен түрлі мекеме қызметкерлері ортақ іске жұмыла кірісті. Тұтастай алғанда 600-ге жуық адамды екшеп алып, ортақ іске жұмылған жандар ақ ниеттерімен қам көңілдерді жадыратып жүр.