Президент • 08 Мамыр, 2021
Президент Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшылары бір-бірін Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан • 08 Мамыр, 2021
Қазақстандық жауынгердің сүйегі Отанға Молдовадан жеткізілді
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Молдова аумағындағы Кокочены хуторы (қазіргі Войнеску) үшін фашистік басқыншылармен болған қиян-кескі шайқастарда 1944 жылы қаза тапқан қазақстандық жауынгер Иван Чередниктің сүйегі мен жауынгерлік наградаларын Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдеріне ресми түрде табыс етті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 08 Мамыр, 2021
Елордада Талғат Бигелдиновке ескерткіш орнатылды
Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Ұлы Отан соғысының ардагері, Екі мәрте Кеңес Одағының батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновқа арналған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 08 Мамыр, 2021
Тоқсейіт әулетінің өмірі мен тағдыры халқымыздың тағдырымен байланысты. Екінші дүниежүзілік соғыста шайқалмаған шаңырақ қалды ма? Солардың бірі – менің атам Қазездің шаңырағы. Үш баласының үшеуін де майданға аттандырып, ұстараның жүзінде отырғандай күй кешкенін анам Марқаба айтып отыратын. Қайролла, Байзолла, Махмет Қазезұлдары – үш ағайындының үшеуі де соғыс ардагерлері.
Елбасы • 08 Мамыр, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті. Олар бір-бірін келе жатқан Жеңістің 76 жылдық мерейтойы және Ораза Айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.