Қоғам • 28 Мамыр, 2020
Қызылорда облысының 2019 жылғы цифрландыру барысы талқыланды
2020 жылдың 28 мамырында Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы Қызылорда облысын цифрлардыру барысы мен «ақылды қалалар» эталондық стандартын жүзеге асыру бойынша аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды және орталық атқарушы органдар тарапынан шешуді қажет ететін мәселелерді талқылау мақсатында бейнеконференц байланысы арқылы жиналыс өткізді.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2020
Қостанайлық оқушылар жаңа биопластик ойлап тапты
«Дарын» орталығының ұйымдастыруымен онлайн режімде өткен «Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық олимпиадада Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушылары Сәния Өмірзақова мен Дилара Усембаева I орынға ие болды. Жас ғалымдар тағам қалдықтарынан пластикалық материал жасап шығарудың жолын анықтаған.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2020
«Мемориал» сервисінің маңызы зор
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Жазықсыз жазаға тартылғандар туралы сыры ашылмаған тарихи құжаттарды және басқа да ақпараттарды қолжетімді ету мақсатында Ішкі істер министрлігінде «Мемориал» сервисі құрылған. Қызылорда облысы бойынша осы сервиске 6 мыңға жуық адам жайлы дерек енгізілді.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2020
Биыл ауыл тұрғындарының 87%-дан астамы ауыз сумен қамтылады
Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл республикалық бюджеттен 111,5 млрд теңге қарастырылып отыр. Ол қаражатқа 316 жоба іске асырылады. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 28 Мамыр, 2020
Праймериз – партия ішіндегі бәсекелестік
Мемлекетімізде әлеуметтік-экономикалық жаңғырулармен қатар, еліміздің саяси өмірінде де оң өзгерістер бой көрсетіп, жаңа технологиялар мен тәсілдер айналымға енуде. Солардың бірі, батыс елдерінің сайлау тәжірбиесінде жүйелі түрде қолданылып келе жатқан партиялық праймериз ұғымы.