Аймақтар • 03 Мамыр, 2022
Түркістан облысында Қонаевқа ескерткіш орнатылды
Төлеби ауданындағы Жоғарғы Ақсу ауылдық округіне қарасты Сарқырама елді мекенінде Социалистік Еңбек Ері, ғұлама ғалым, академик – Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына орай ескерткіш орнатылды. Сондай-ақ мүсін орнатылған көшеге заңғар тұлғаның есімі берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент • 03 Мамыр, 2022
Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады
Кездесуде Мемлекет басшысына Агенттіктің қазіргі атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 03 Мамыр, 2022
Шайбалы хоккейден қыздар командасы республикалық турнирде топ жарды
Қарағандыда қыздар арасында шайбалы хоккейден U8-U13 республикалық турнирінің екінші туры өтті. Оған 6 команда қатысты. Бірінші орынды Нұр-Сұлтан қаласының хоккейшілері жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Мамыр, 2022
Әскерде қайтыс болған Әлібек Қалбайға ескерткіш орнатылады
Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүріп, көз жұмған маңғыстаулық жас сарбаз Әлібек Қалбайдың құрметіне ескерткіш орнатылады. Бұл туралы Қазақстан Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің басшысы, генерал-майор Серік Боранбаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 03 Мамыр, 2022
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.