8-13 жас аралығындағы қыздар арасында шайбалы хоккейден турнирге 6 команда қатысты: «Бұлбұл», «Ләззат», «Алматы-1», «Алматы-2», «Торпедо» және «Юность-Грация». Жарыс қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының «Бұлбұл» командасы үздік атанды.
Айта кетейік, әйелдер хоккейі академиясы елорда әкімдігінің қолдауымен 2021 жылдың шілде айында ашылған. Бұл – әлеуметтік жоба. Мұнда 5-14 жастағы қыздар қатыса алады, жаттығу аптасына 6 рет тегін өтеді.