Руханият • 27 Мамыр, 2019
Қарағандының симфониялық оркестріне Еркеғали Рахмадиевтің есімі берілді
Қарағанды облыстық Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің симфониялық оркестрі биылғы маусымның соңғы концертін КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Еркеғали Рахмадиевті еске алуға және симфониялық оркестрге салтанатты түрде оның есімін беру рәсіміне арнады.
Парламент • 27 Мамыр, 2019
Парламент Сенатының Төрағасы Беларусь елшісін қабылдады
Дариға Назарбаева Беларусь Республикасының Қазақстандағы Елшісі Анатолий Ничкасовты оның өтініші бойынша қабылдады.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2019
Түркістан: Жетісайда жаңа шағынаудан салынады
Бүгінде аумағы 80 гектар болатын жаңа шағынауданның жобалық сметалық құжаттары толық аяқталған. Алдағы уақытта 20 көпқабатты тұрғын үй, 1200 орындық мектеп, балабақша, спорт кешені сынды әлеуметтік нысандар бой көтермек. Шағынауданның өзіндік жеке газ, электр қуаты жүйесін реттеуіші, ауыз су мұнарасы, жылу қазандығы салынатын болады.
Кино • 27 Мамыр, 2019
Шымкенттіктер «Аладдин» фильмін қазақ тілінде көрді
Шымкентте отандық кинопрокатқа шығатын Режиссёр Гай Ричидің жаңа туындысы «Аладдин» көркем фильмі қазақ тілінде ұсынылды. Ана тілімізге тәржімаланған филімді тамашалауға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов арнайы келіп, шығармашылық ұжым мен «Болашақ» корпоративтік қорына алғыс айтты.
Спорт • 27 Мамыр, 2019
Спорттық би мәселесі талқыланды
Алматы қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Рүстем Байсейітовтің түрлі федерация өкілдерімен бейресми жағдайда кездесуі жақсы бір дәстүрге айналды.