Аймақтар • 25 Мамыр, 2019

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

982 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, тек оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

Республиканың кей жерлерінде найзағай, тұман, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. 

Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ, дауыл, желдің күшеюі күтіледі, түнде жел кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерінде күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.  

Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Алакөл ауданында екпіні 23-28 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысында, түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ күтіліп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарынын кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде бұршақ, Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. 

Маңғыстау облысының күндіз кей жерлерінде тұман түседі.    Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.