Қазақстан • 25 Мамыр, 2023
2021 жылдан бері шетелдік әйгілі балалар телеарналары – «Nickelodeon», «TiJi» және «Дисней»-дің өнімдерін қазақ тіліне аудару жобасы іске асырыла бастағаны белгілі. Енді бұл қатарға «Nick Jr» арнасы да қосылатын болды.
Үкімет • 25 Мамыр, 2023
Активтерді қайтару туралы құжат қабылданады
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Қазақстан мен Түркияның кедендік бақылауын жеңілдететін құжатты қабылдады. Палата спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жиында сондай-ақ бірқатар заң жобасы жұмысқа алынды.
Қоғам • 25 Мамыр, 2023
Конструктор-көлік заңдастырылады
2023 жылдың 22 мамырынан бастап елімізде конструктор-автокөліктерді заңдастыру басталды. Бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ел аумағына кіргізілген шетелдік тіркеудегі көліктерді заңдастыруға (арзан бағамен) рұқсат етілген еді. Ал бұған дейін елге қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген көлік иелері ресми тіркеу құжаттарының жоқтығынан қиындықтарға тап болып келген.
Халық • 25 Мамыр, 2023
Тәуелсіздік алған соң қаланы қазақыландырамыз деп ауылдағы ағайынды орталыққа көшіп келуге үндедік. Осылайша, урбанизация үрдісінің соңынан еріп кеттік, салдарынан бірлігі бекем ауылдардың іргесі сөгілді. Қалаларымыз да халықты қабылдауға дайын болмай шықты. Енді Үкімет бос қалған ауылдарды қайтадан жанға толтыруға күш салып жатыр. Қала тұрғындарын ауылға көшіруді көздеген жаңа жобаны іске қосты. Бастаманың игілігін көріп, халық қаладан ауылға ағылып жатыр ма?
Денсаулық • 25 Мамыр, 2023
Саламатты өмір салтына не кедергі?
«Адам ессiз болып туады, есалаң өмiр кешеді... Есi кiргенде тым кеш болады...» деп басталатын Шыңғыс Айтматовтың шығармасындағыдай, қадірі тым кеш білінетін дүниенің бірі – денсаулық. Әсіресе жас адам осынау байлықтың бағасын біле бермейтіндіктен, саламатты өмір салтын насихаттауды міндетіне алып жүрген қоғамдық ұйымдар бар.