Қазақстан • 01 Мамыр, 2020
«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 29 473 өтінім қабылданды
«7-20-25» Бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 23 сәуірдегі жағдай бойынша қарыз алуға 335,20 млрд теңге сомасына 29 473 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 199,68 млрд теңге сомасына қарыз беруге 17 384 өтінім мақұлданды. Бұл туралы Ұлттық Банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 01 Мамыр, 2020
Мамыр айында ауа райы қандай болады
Мамыр айында Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы климаттық норма шамасында, оңтүстік жартысында – нормадан 1°С жоғары күтіледі. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында, ҚР оңтүстік-батысы жартысында – нормадан аз, еліміздің оңтүстік-шығыс бөлігінің таулы және тау бөктері аймақтарында нормадан көп болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2020
Нұр-Сұлтанда құрылысы ұзаққа созылған 500 мың шаршы метр үй аяқталады
Биыл Нұр-Сұлтанда құрылысы ұзаққа созылған 500 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Бұл - 20 тұрғын үй кешені. 8 мыңға жуық үлескер пәтер иегері атанып, үй құжаттарын рәсімдей алады. Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапары барысында «Жастар 4», «Арыстан», «Гарант» сияқты бірқатар үлестік құрылыс нысандарын аралады.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2020
Атырау: Көлік қозғалысына рұқсат беретін сайт ашылды
Атырауда да карантин мерзімі 11 мамырға дейін ұзартылды. Соған орай көлік қозғалысы шектелген еді.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2020
Шымкентте бір күнде 63 тонна қырыққабат тегін таратылды
Бүгін Шымкентке қырыққабат әкелген Мырзашөл өңірінің диқандары қала тұрғындарына бір күнде 63 тонна қырыққабатты тегін үлестірді.