Қазақстан • 01 Мамыр, 2020

«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 29 473 өтінім қабылданды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«7-20-25» Бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 23 сәуірдегі жағдай бойынша қарыз алуға 335,20 млрд теңге сомасына 29 473 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 199,68 млрд теңге сомасына қарыз беруге 17 384 өтінім мақұлданды. Бұл туралы Ұлттық Банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 29 473 өтінім қабылданды

«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ-на + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.