Басылым • 25 Мамыр, 2024
Басқа басылымдардан: Әріптестік орнату ұсынылды
Сингапур мен Қазақстанның бірқатар компаниясына технология мен инновация, жаңартылған энергия көздері және биотехнология салаларында ынтымақтастық орнату ұсынылды.
Қоғам • 25 Мамыр, 2024
Атаулы көмек шын мұқтажға беріледі
1 мамырдағы дерек бойынша 64,2 мың отбасындағы 339,7 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) берілді. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 75,9 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 25 Мамыр, 2024
Қазақстан - Сингапур: Серіктестік дамып келеді
Экватордың бойында жатқан Сингапур Республикасы – Астана қаласынан сәл ғана үлкен аралда орналасқан әрі мемлекет, әрі қала. Елдің аумағына негізгісінен бөлек тағы алпыстан астам арал кіреді. Осындай шағын ғана қала-мемлекет бүгінде әлемнің небір алпауыттарымен терезесі тең дәрежеде жан-жақты дамып келеді. Қазақстан мен Сингапур да отыз жылдан бері бірі Орталық, енді бірі Оңтүстік-Шығыс Азия өңірлерінде бір-біріне жетекші сауда және инвестициялық серіктес ретінде біраз жетістікке қол жеткізді.
Су тасқыны • 25 Мамыр, 2024
Трансшекаралық өзеннен қауіп бар ма?
15-22 мамыр аралығында Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында Нанвань гидробекетінің маңында су деңгейі көтеріліп, шығысқазақстандықтарды алаңдатып қойды. Осы аумақта ағып жатқан Буыршын өзені трансшекаралық Қара Ертіс өзеніне, ал Қара Ертіс Зайсан өзеніне құяды.
Экономика • 25 Мамыр, 2024
Президент жарлығы экономиканы қалай өзгертеді?
Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Аты айтып тұрғандай, құжат ел экономикасының дамуына септігін тигізетін тетіктермен толықтырылған. Басты бағыт бәсекелестікті дамыту, экономикаға мемлекеттің араласуын қысқарту, бизнес шығындарын азайту арқылы кәсіпкерлік еркіндікті қамту болып отыр. Бүгінде жаңа Жарлықтың ел экономикасына әсері мен ұтымды тұсы туралы сарапшы мамандар түрлі пікір мен болжам жасап та үлгерген.