Аймақтар • 20 Маусым, 2019
Маңғыстаулық түлектердің алғашқы легі ҰБТ тапсыруда
Жалпы өңірде 20-маусымда білім сынағының бірінші кезеңі басталады. Облыс бойынша ҰБТ 4 пункте өткізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Сейдалиев Асқар Әбиұлы мәлімдеді.
Саясат • 20 Маусым, 2019
Осло қаласында қазақстандық-норвегиялық ынтымақтастықты тереңдету перспективалары талқыланды
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ослоға жасаған іс-сапары шеңберінде бірқатар екі жақты кездесулер өткізді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Экология • 20 Маусым, 2019
Еліміздегі ақбөкендер саны 350 мыңға жуықтады
2019 жылы аэрофототүсірілім нәтижелері бойынша Қазақстанда ақбөкендердің жалпы саны 334,4 мыңды құрайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook парақшасына жазды.
Саперлер шопан тапқан әскери снарядты залалсыздандырды
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңкеби ауылының жанында Дөңгелеккөл қараусыз қалған жайылымда жергілікті шопан әскери снарядқа ұқсайтын жарылғыш зат тапқан. Қорқынышты зат табылған орынды белгілеп, ауылдық округ учаскелік полиция инспекторына хабарлауға асықты. Ол 30238 әскери бөлімнің кезекшісіне хабар берді.
Аймақтар • 20 Маусым, 2019
Маңғыстау облыстық соты ашық есік күнін өткізді
Маңғыстауда медиация институтын насихаттау, дау мен жан-жалдарды шешу, дау мен шиеленістерді шешу кезінде татуласу рәсімдерінің тиімділігін түсіндіру мақсатында ашық есік күні өткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық соты баспасөз қызметі хабарлады.