Пікір • 21 Маусым, 2023
Өткен аптада қазақ елінің рухани астанасы – киелі Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз адал азамат болуға ұмтылуы қажет» деп қағидатты сөзін айтты. Біздіңше, бұл сөзге қазақ елінің әрбір азаматы ерекше мән беруі керек.
Балалар • 21 Маусым, 2023
Еліміздің өңірлерінен іріктелген ең дарынды балалар кеше Елордадағы Нұрлы жол вокзалынан «Самұрық-Қазына» АҚ 15 жылдығына орай ұйымдастырылған «Туған елге саяхат» сапарына аттанды. Іс-шара аясында 10-15 жас аралығындағы 600 бала жаз мезгілінде еліміздің көрікті жерлерін аралап, экскурсиялық пойызда ұмытылмас демалыс өткізеді.
Құрылтай • 21 Маусым, 2023
Құрылтай жүктеген міндеттер қалай жүзеге асады?
Қазіргідей алмағайып заманда ұлтты адастырмай, өзі армандаған азаттық жолына алып шығатын бір үлкен басқосу керек еді. Кезінде ел басына күн туғанда хандар мен билер үш жүздің игі жақсыларын Ордабасыдағы құрылтайға шақырғаны белгілі. Бүгінде қару емес, идеологиялар қақтығысқа түскен руханият майданында да жаһанданудың иіріміне жұтылып кетпес үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Ұлттық құрылтай» деген атаумен халқымызды ортақ мақсатқа ұйыстыратын бірегей құрылым өмірге келді.
Мәселе • 21 Маусым, 2023
Шаруаның күні қырғыз көршіге қарап тұр
Әулиеатада жаз келсе, су мәселесі шаруаның шымбайына батады. Отыз жыл бойы осы жағдай. Салған егінінің бітік шығуына мүдделі халық шілде түспей жатып жанайқайын жеткізеді. Неге екенін кім білсін, атқарушы билік жыл сайын дәл осы проблеманы шешу жолында қыруар жұмыс атқарып жатқанын алға тартқанымен, өңірде су мәселесі оң шешімін таппай тұр.
Қоғам • 21 Маусым, 2023
2023 жылғы наурызда жарыққа шыққан бұл индексті «Institute for Economics and Peace» институты осымен оныншы рет жариялап отыр. Зерттеуде әлем халқының 99,7 пайызын қамтитын 163 мемлекеттегі терроризмнің ықпалына салыстырмалы талдау жұмысының нәтижесі көрсетілген. Индексте Қазақстан өзге де бірқатар мемлекет секілді 0.000 ұпаймен 93-орынға жайғасқан, яғни бұл елде соңғы бір жылда террорлық акті болмағанын көрсетеді.