«Күлдірмамайдың ұңғысы ұзын келеді. Алысқа атуға арналған мылтық. Аузынан оқталып, пілте арқылы от алады. Күлдірмамайдың атар кезде жерге тіреп қоятын жинамалы сирағы болады. Ел аузында Кенесары Ақмола бекінісін қоршаған кезде қаланың сыртында тұрып осы күлдірмамай мылтықпен қамалдағы зеңбірекшіні атып түсірген деген сөз бар. Кене ханның мылтығы қазір Омбының өлкелік тарихи-әдеби мұражайында сақтаулы тұр. Бұл мылтықтың көшірмесін қолөнер шебері Таңат Әлібаев жасап шығарды», дейді ақын Батырлан Сағынтаев.
Сондай-ақ «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Нұрқанат Құлабаевтың «Жаудың құтын қашырған күлдірмамай» атты материалында жазылғандай, бұл мылтық қазір Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде тұр.