Жәдігер • 19 Маусым, 2023

Жаудың құтын қашырған күлдірмамай

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде тұрған калибрі 25 мм, салмағы 7 кило болатын ұзын мылтықты 1981 жылы И.Краснобородиков деген кісі тапсырыпты. Жанындағы кішірегі – Амангелді батырдың сенімді серігі, Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің мыңбасы сардары болған Ыбырай Атамбектің мылтығы.

Жаудың құтын қашырған күлдірмамай

Мұражайға И.Краснобородиков тапсырған қару күлдірмамай мылтық болуы мүмкін. «Күлдірмамайдың ұң­ғысы ұзын келеді. Алысқа ату­ға­ арналған мылтық. Аузынан оқта­лып, пілте арқылы от алады. Күлдір­ма­майдың атар кезде жерге тіреп қоя­тын­ жинамалы сирағы болады. Ел аузын­да Кенесары Ақмола бекінісін қо­р­шаған кезде қаланың сыртында тұ­рып осы күлдірмамай мыл­тық­­пен қамал­дағы зеңбірекшіні атып түсір­ген де­ген сөз бар. Кене ханның мыл­тығы қа­зір Омбының өлкелік тарихи-әдеби мұра­жайында сақтаулы тұр. Бұл мыл­тық­тың көшірмесін қолөнер шебері Та­ңат Әлібаев жасап шығарды, – дейді ақын­ Батырлан Сағынтаев.

чсм

Әлеуметтік желіде күлдірмамайдың оқпа­нын сүмбімен тазалап тұрған да­ла жауынгерінің суреті жүр. Су­рет­­тің төменгі оң жақ тұсында «К.Ахмет­жа­нов»­ деген жазу бар. Бұл – суретші, этно­граф-қарутанушы Қалиолла Ахмет­­­жа­нның жаңғыртқан туындысы.

Музей қызметкерлерінің айтуынша, мұн­да тұрған күлдірмамайдың ұңғысы те­гіс, сүмбінің көмегімен оқпанынан оқ­та­лады. Ұзын цилиндр тәріздес металл оқпаны арнайы жоғары сапалы құрыштан құйылған.

 

Қостанай облысы