Спорт • 20 Маусым, 2024
Париж Паралимпиадасы: 14-ші жолдаманы пара жүзуші жеңіп алды
Пара жүзуден Зульфия Габидуллина Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2024
Мемлекеттік қызметте еңбек сіңірген ардагерлермен кездесу өтті
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай «Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады» тақырыбында мемлекеттік қызметте еңбегі сіңген ардагер жазушы қаламгерлермен кездесу өтті. Кездесуге Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, мемлекеттік қызметшілер, Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары мен докторанттары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 20 Маусым, 2024
«Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» қоғамдық жобасы таныстырылды
Сенатта «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы болды. Онда «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» қоғамдық жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 20 Маусым, 2024
Қазақстандағы бочча федерациясы қайырымды жандардың басын қосып жүр
Елімізде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқы мен қоғаммен араласуына барынша жағдай жасалған. Осындай игі қамқорлықтың арқасында Қазақстанның Бочча федерациясы мүгедектігі бар жандарға жан-жақты қызмет көрсетіп келеді.
Волонтер • 20 Маусым, 2024
Тасқын кезінде бірлік пен қамқорлықтың не екенін түсіндік - ақмолалық ерікті
Биылғы су тасқыны салдарынан елдің 10 облысында төтенше жағдай жарияланды. Бұл - көлемі жағынан соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат. Осынау қиын-қыстау кезеңде халықтың бір жұдырықтай жұмылғаны біршама қайғылы оқиғаның алдын алды. Болары болды, тасыған су жерге сіңді, жан-жаққа ағызылды. Уақыт өте келе бәрі қалпына келетіні белгілі. Алайда халықтың кезекті «дағдарысқа» ұшырауы әп-сәтте естен кете қоймас. Баспанасыз, киім-кешек пен азықсыз, малы мен мүліксіз қалған азаматтарға керегі - жылулық.