Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Ақмолада 161 білім ошағына жөндеу жүргізілуде
Жазғы маусымда бірқатар білім ошақтарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа оқу жылына дайындық тиянақтала түсуде. Жөндеу жұмыстарына "Жұмыспен қамтудың жол картасы" және "Ауыл – ел бесігі" бағдарламалары аясында 10 млрд теңге қаражат бөлініп отыр, - деп жазады Egemen.kz
Парламент • 23 Маусым, 2020
«Парламент сөзі»: жеңімпаздар анықталды
Парламент Мәжілісі «Парламент сөзі» арнайы сыйлығының қорытындысын шығарып, жеңімпаздардың есімдерін жариялады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Әдебиет • 23 Маусым, 2020
Өлеңді түсінерсің – өзі жоқта…Өмірді түсінерсің – күзде ғана… Жанна Елеусіз Өлең – жүректің сөзі. Ол жанның толқынысынан туса керек. Көңілдегі кірбің, зар, мұң, сағыныш пен өкініш, арман мен аңсардың түбі – өлең. Мөлдір өлең. Ешкім жазайын деп жазбайды (һәм жазбайын деп жазбай кетпейді екен). Ақын қаламынан туған өлеңнің бәрі – өмірдің ісі. Жалпы, өлеңді жазу да, өлеңді оқу да – жүрекпен. Адам кез келген уақытта өлеңге бармайтыны тағы анық. Құлазиды. Көңілі босайды. Жалығады. Бәлки, біреуді сағынар. Сосын өлең оқиды. Ақын сөзімен жыртық көңілін жамайды. Жұбанады.
Елбасы • 23 Маусым, 2020
Нұрсұлтан Назарбаев – тағдыр тарту еткен, көп сынақтан мүдірмей өтіп, қайталанбас өмірлік тәжірибе жинаған өр тұлға. Аспанмен таласқан биік таулы жайлау мен шетсіз де шексіз ұлы далада туып-өсіп, жастайынан туған жерінің қуатын, байтақтығы мен еркін рухын бойына сіңірген, қазақ поэзиясының жауһарлары мен әуезді сазы, халық аңыздары мен жырларының даналығымен сусындаған ол өз елінің мемлекеттік, жалпыұлттық және экономикалық қуатын арттырып келеді. Оның ішкі рухани тұтастыққа деген ұмтылысы әлеуметтік әділ қоғам құру мақсатына түрткі болып, барлық күш-жігерін Қазақстанның мемлекеттік тұрақтылығын нығайтуға арнады.
Саясат • 23 Маусым, 2020
2019 жылдың 7 қыркүйегі еді. Орал қаласының қарбаласы жоқ тыныш мүйістерінің бірі – Циолковский көшесінің №53-үйінде болған оқиға талайдың жанын түршіктірді. Қарапайым үйде қоңыр тірлік кешіп жатқан 85 жастағы кейуана Матрена мен мүгедек ұлы, сал ауруына шалдыққан Константин Кулаковты әлдекімдер айуандықпен өлтіріп кеткен.