Нұрсұлтан Назарбаев – тағдыр тарту еткен, көп сынақтан мүдірмей өтіп, қайталанбас өмірлік тәжірибе жинаған өр тұлға. Аспанмен таласқан биік таулы жайлау мен шетсіз де шексіз ұлы далада туып-өсіп, жастайынан туған жерінің қуатын, байтақтығы мен еркін рухын бойына сіңірген, қазақ поэзиясының жауһарлары мен әуезді сазы, халық аңыздары мен жырларының даналығымен сусындаған ол өз елінің мемлекеттік, жалпыұлттық және экономикалық қуатын арттырып келеді. Оның ішкі рухани тұтастыққа деген ұмтылысы әлеуметтік әділ қоғам құру мақсатына түрткі болып, барлық күш-жігерін Қазақстанның мемлекеттік тұрақтылығын нығайтуға арнады.

Ал жасампаз болмысы оны өз елінде озық инновациялық мектептер мен университеттердің негізін қалауға, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау салаларын жақсартуға, әлеуметтік-мәдени саясатты жетілдіруге, қазақ халқының ежелгі рухани-өнегелі дәстүрлері мен отбасылық құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған бастамаларына ықпал етеді. Ел қауіпсіздігінің айқын көрінісі – ішкі саяси тұрақтылықты сақтау мен қоғамды біріктіру секілді қиын істе туған топырағының қуат берері сөзсіз. Қазақстанның ұлттық мүддесін көздейтін, көпвекторлы сындарлы сыртқы саясатының арқасында ол халықаралық аренада жауапты әрі сенімді серіктес ретінде таныла білді. Қарқынды құрылыс жүргізіп, ен далада заманауи қала тұрғызу секілді батыл шешімдері арқылы ғаламдағы бос жерлерді игеруге және жалпыадамзаттық өркениеттің дамуына да елеулі үлес қосып келеді. Сондай-ақ қазақ даласын ғарышпен байланыстыратын қақпаны да айтпай кетуге болмас.
Бұл айтылғанның барлығы Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тікелей қатысты. Мүмкін көкейіңізде «Бұл тым әсіреленген не утопиялық суреттеу емес пе?» деген сауал туар. Бұл сұраққа екі жауап айтар едім. Шын мәнінде, оның болмысында табиғаттан дарыған рухани биіктік, болашаққа деген нық сенім мен ерекше рух бар. Ал екінші құрғақ қиялға негізделген утопияға келсек, оның өзі бұған «Ендеше, бұл ғажайып әлемде неге өмір сүреміз?» деген риторикалық сұрақпен жауап берер едім. Нұрсұлтан Назарбаев феноменінің сыры оның еңбекке деген сүйіспеншілігінде жатыр, ол туабітті еңбексүйгіштігі не уақыт өте келе қалыптасқан еңбекқорлығы болар. Ол еңбектеген шағынан бүгінге дейін саналы не интуициялық түрде шығармашылық, күнделікті тұрмыстық, ағартушылық, зияткерлік, физикалық не ой еңбегімен шұғылданып келеді. Оның қасында болған ет жақындары – әкесі мен анасы, бауырлары, достары, ұстаздары, тәлімгерлері мен әріптестері де өз қызметіне адал, міндеттеріне жауапты азаматтар болды. Ал ішкі мәдениеті жоғары, бағыты айқын жанға сырттан ешнәрсе әсер ете алмайды. Өз еңбегімен тапқан нанның, сол асты пісірген анасының аяулы алақаны оған әлі күнге дейін нық тұруға көмектеседі. Оны Тәңір жарылқады! Жасампаз еңбекке деген құштарлық пен жігерлілік оны қорғап, сақтап келеді. Ол өз бойындағы еңбек адамын қайрай түсті. Ал оның өмір өрнегін айқындаған қазақ халқының өркениеттік коды өне бойына даналық, өткір ақыл, темірдей төзімділік, кең дүниетаным, жауапкершілік пен ұлы рухты жиып берді.
Бір сөзбен айтқанда, 1991 жылы Нұрсұлтан Әбішұлының КСРО-ның Премьер-министрі болуға ұсынылуы да кездейсоқ емес. Оны алпауыт Кеңес елінің күйреген экономикасын қайта қалпына келтіруге қауқарлы кәсіби маман және жауапкершілікті өз мойнына алудан тартынбайтын тұлға ретінде көрді. Одан бөлек оның алғыр көшбасшы екеніне көз жеткізген Беловеж келісімінің жақтастары өз жағына тартуға да тырысты. Дәл осы келісім Кеңес Одағының ыдырауына себеп болды. Бұл жағдайда Н.Назарбаев көреген саясаткер ретінде өзін қитұрқы саяси ойынға тартуға жол бермей, өзгелердің мүддесін қорғап, сойылын соғудан бас тартты.
Қазақстан мен Қырғызстанды тарихи тұрғыдан тамырластығы, мәдени, рухани, адамгершілік құндылықтарының жақындығы және тіл, дәстүр, әдеп-ғұрып пен наным-сенімнің ортақтығы жақындастырады. Ғасырлар бойы екі ел арасында өзара тату көршілік пен бауырластыққа құрылған қарым-қатынас орнады. Сондай-ақ саяси, экономикалық және шаруашылық өмірдің барлық деңгейінде берік және сенімді түсіністік бар. Егемендік алғаннан кейінгі жаңа саяси кеңістіктегі қырғыз-қазақ қарым-қатынасы Кеңес Одағы күйремей тұрып, 1991 жылдың басында-ақ қайта жаңғырғаны айтылып жүр. Ел Президенті, Парламент Төрағасы, Үкімет басшысынан тұрған Қырғызстан делегациясы сол кездегі Қазақстан астанасы Алматыға 1991 жылы қаңтар айында келген еді. Ел Президенті болған Нұрсұлтан Назарбаев бізді бауырлас ел ретінде құшақ жая қарсы алды. Ол кезде екеуміз жақсы таныс болдық. Өз мемлекетімізде Компартияның орталық комитетінің хатшылары болған кезден бастап достық, бауырластық және іскерлік байланысымыз үзілген емес. Сол сапар барысында біз екі ел арасындағы саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени байланыстардың жай-күйі мен перспективаларын талқылай келе, өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықыласты екенімізге көз жеткіздік. Нәтижесінде, Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы достық, ынтымақтастық және тату көршілік туралы алғашқы келісімге қол қойылды. Дәл сол сапарда мен Нұрсұлтан Әбішұлының мемлекеттік және халықаралық істегі ұстамдылығына, оның мемлекеттік көзқарасының кемелдігіне, экономикалық басқару және мемлекеттік құрылыс мәселелеріне келгендегі ықпалына көз жеткіздім. Біздің осы саладағы ұстанымдарымыз ұқсас болды. Екеуміз де сол кездегі саяси ахуалдың және алдағы оқиғалардың бауырлас елдердегі мемлекеттік құрылыс үшін тарихи маңызы мен мүмкіндігін жақсы түсіндік. Бірлескен әрекет пен өзара ынтымақтастықтың ауадай қажет екені белгілі болды. Кейіннен Н.Назарбаев ТМД, одан кейін ЕАЭО, Кеден одағы және ШЫҰ, ҰҚШҰ сияқты бұрынғы одақтық республикаларды біріктіретін басқа да интеграциялық бірлестіктерді құруға бастамашы болды. Жалпыға бірдей әлеуметтік-экономикалық даму, тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау үшін тиімді ынтымақтастықты, өзара іс-қимыл мен қолдауды көздеген бағыттың дұрыстығын тарих өзі дәлелдеді.
Қырғызстан мен Қазақстан арасында мемлекетаралық қатынастарды нығайтуда және өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуда Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі – өлшеусіз. Ол 2005 және 2010 жылдардағы оқиғалардан кейін Қырғызстандағы ішкі саяси жағдайды тұрақтандыру және оның халықаралық мәртебесін қалпына келтіру ісіне баға жетпес үлес қосты. Қырғыз халқы Н.Назарбаевтың екі елдің тату көршілігін, ынтымақтастығы мен әріптестігін нығайтудағы күш-жігерін жоғары бағалайды. Елбасы қырғыз халқына аса ілтипатпен қарайтыны белгілі. Бұл ойды оның тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Қырғызстанға әрдайым қолдау көрсеткені туралы ресми мәлімдемесі қуаттайды. Қос бауырлас елдің достық қарым-қатынасын Тәңір қолдасын!
Қазақстанның жаңа астанасы жайлы бірер сөз айтсам деп едім. Нұр-Сұлтан – қазақтың кең-байтақ даласында бой көтерген заманауи шаһар. Бұл – дана да көреген Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығымен қазақ халқы тұрғызған ертегі-қала.
Аса қадірменді Нұрсұлтан Әбішұлын 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жемісті де табысты жұмыс, отбасына және қазақ халқына жақсылық, игілік пен бақ-береке тілеймін.
Медетхан Шерімқұлов,
Қырғыз Республикасы Парламентінің Төрағасы (1990-1995 жж.)
Руханият • Кеше
Өнер • Кеше
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Кеше
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Кеше
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Кеше
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Кеше
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Кеше
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Кеше
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Кеше
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Кеше
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Кеше
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Кеше
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Кеше
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Кеше
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Кеше
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • 27 Ақпан, 2021
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • 27 Ақпан, 2021
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 27 Ақпан, 2021
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Экономика • 27 Ақпан, 2021
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • 27 Ақпан, 2021
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • 27 Ақпан, 2021
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • 27 Ақпан, 2021
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар