Тағайындау • 22 Маусым, 2022
Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі тағайындалды
22 маусым күні Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Жылыой мәслихатының депутаттарына ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. Аудан әкімі лауазымына жаңа кандидат Жұмабек Қаражанов болды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 22 Маусым, 2022
Энергия үнемдеу туралы заң жобасына енгізілген өзгерістер қабылданды
Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Маусым, 2022
Жаңадан құрылған облыстардың көлік нөмірлері бекітілді
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жаңадан құрылған үш облыстағы автокөліктердің аймақтық нөмірлері жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Маусым, 2022
ІІМ қызметкерлеріне қосымша ақы төленеді
2022 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Ішкі істер министрлігі органдары жүйесінің азаматтық қызметшілеріне, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлене бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Маусым, 2022
Энергетикалық сусындардан қауіпті консерванттар табылды
Қостанай облысының сауда сөрелеріндегі энергетикалық сусындардан қауіпті консерванттар табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.