Ведомство нақтылағандай, көлік нөмірлеріндегі өңірлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі.
«Осыған байланысты жаңадан пайда болған үш облысқа автокөліктердің өңірлік кодтарын келесі тәртіппен бекіту ұсынылады: Абай облысы - 18, Жетісу облысы - 19, Ұлытау облысы - 20», деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Айта кетсек, жаңа аймақтарда көліктің нөмір кодтарын енгізу барысында көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.