Қазақстан • 23 Маусым, 2021
(2021 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында жария етілді)
Әлем • 22 Маусым, 2021
Ұжымдық иммунитетке қол жеткізу оңай
Лондон. COVID-19 вирусына қарсы ұжымдық иммунитет қалыптастыру жөніндегі ғалымдардың айтқан деңгейіне, яғни әлем халқының 80 пайызын вакциналауға қашан қол жеткіземіз? Көп адам бұған 2023 немесе 2024 жылы деп жауап береді. Бұл бақуатты елдерден басқа жерлердегі вакцина салу деңгейінің төмендігіне байланысты туындайтыны сөзсіз. Сондықтан таяуда өткен «Үлкен жетіліктің» саммитінде биылдан бастап екі жыл ішінде кедей елдерге вакцинаның миллиард дозасын беру жөніндегі ұсынысы жағдайды түпкілікті өзгертуі мүмкін.
Әлем • 22 Маусым, 2021
Жарты ғасырға созылған есірткі соғысы
Женева. Осыдан елу жыл бұрын АҚШ президенті Ричард Никсон нашақорлықты «бірінші кезектегі қоғамдық жау» деп жариялады. Сөйтіп АҚШ-та және шетелдерде бұл қылмысқа қатаң қарауды талап етті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-тың жаһандық саяси, әскери, экономикалық және мәдени гегемониясымен қатар өрбіген «есірткіге қарсы күрес» белгіленген мақсатына мүлде қарама-қарсы болып шықты
Қоғам • 22 Маусым, 2021
Кадрлық резерв елдің дамуына көмектеседі
Президенттің жастар кадрлық резерві жасақталғанына екі жылға жуықтады. Содан бері 300 резервшінің 181-і қызметке орналасып үлгерген. Оның ішінде орталық мемлекеттік органдарға – 92 резервші, жергілікті атқарушы органдарға – 40, ұлттық компанияларға – 30, өзгеде және жеке ұйымдарға 19 маман қызметке тұрды. 17 адам саяси лауазымға тағайындалды.
Тәуелсіздік • 22 Маусым, 2021
Адам өмірінде ұмытылмайтын, соны еске алған сайын жылы шуаққа малынған секілді әсерге бөлейтін шақтар болады. Сондай қимас сәттерімнің бірі деп жаңа ғасыр алдында Ақмола облысының әкімі болып қызмет атқарған уақытты айтар едім. Қазір сол бір кезді есіме алсам, жүрегіме жылылық ұялайды. Азаттық алғанымызға аз ғана мерзім болса да сол кезеңдегі түрлі қиындыққа қарамастан, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алатаудың етегіндегі ел астанасын Арқа төсіне көшіруге бел байлап, тарихи шешім қабылдады.