Қоғам • 22 Маусым, 2020
Мемлекеттік қызметте бос орын неге көп?
Барлық істің сапалы орындалуы білікті маманға байланысты. Бірақ біздегі кадр саясаты жітілікпен жүргізілген, озық тәжірибеде деп айту қиын. Облыстық департаменттер мен басқармаларда мәселені шешуге тиісті кадрлардың орны бірнеше ай бойы бос тұрады. Былтыр заңнамаға енгізілген түзетулер бойынша конкурстық процедураларды оңтайландырып, бос орынға кадр қабылдауды үш кезеңнен екі кезеңге түсірген еді. Осының өзінде бос орынға өткізілетін конкурстың уақыты 32 күнге созылады. Ал мұны бос лауазымдық орынды жедел толтыру амалы деп айта алмайсың.
Руханият • 22 Маусым, 2020
Адамзат ақыл-ой қазынасының інжу-маржаны болып саналатын түркі даналарының мәңгілік мұралары алыс ғасырлар қойнауынан желі тартқан тоғанақты керуеннің қоңырау үнін біздің заманымызға еміс-еміс жеткізуімен ұрпақ жадысын оятып жаңғырта түсетіндей. Тоныкөк, Йолығтегін жыраудан кейін сан ғасырдан соң қайсар рухты жауынгер жұрттың жорық жырларын сол замандағы озық араб-парсы өлеңінің лирикалық иірімімен жарыстырып, мазмұн мен түрін байытып, нәзік бедер сіңіріп, түркінің жаңа дәуірдегі классикалық поэзиясы етіп жаңаша жасақтап, тарихта бұрын-соңды болмаған көркемдік белеске шығарған дарабоз ақын – Әлішер Науаи.
Елбасы • 22 Маусым, 2020
Тәуелсіз Қазақстан мен Нұрсұлтан Назарбаев есімінің қатар аталуы – заңды әрі әділетті. Жаңадан азаттық алған, егемендігін енді еншілеген елдің тізгінін ұстағаннан ауыр жүк жоқ шығар. Бұған тәуелсіздік алған тоқсаныншы жылдар Қазақстан үшін қай тұрғыдан алса да оңай кезең болмағанын қосыңыз. Осындай сындарлы сәтте тарихтың таңдауы, халықтың қалауы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа түсті.
Таным • 22 Маусым, 2020
Қайсар тұлға, қажырлы қайраткер
Кабинетінде жеке қалған Ерекең күндегі әдетінше жұмыс аяғында үстел үстіндегі күнтізбе бетін аударып қараса, тамыз айы да жақындап қалыпты. Осыдан он бір жыл бұрын Ерекең өзі туып-өскен Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланған екен. Иә, уақытта өлшем жоқ деген осы.
Елбасы • 22 Маусым, 2020
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннен, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннен, Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғаннан, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтен, Түрікменстанның Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтен, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмоннан, Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичтен және Хорватия Республикасының бұрынғы Президенті Степан Месичтен жеделхаттар келіп түсті. Сондай-ақ аталған тұлғалар Елбасының сырқаттанып қалуына байланысты өз жеделхаттары арқылы алаңдаушылықтарын білдіре отырып, тезірек сауығып кетуіне тілектес екендігін жеткізді, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.