Білім • 18 Маусым, 2024
ҰБТ: 89 талапкердің нәтижесі жойылды
Негізгі ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) аралық қорытындылары шықты. Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, осы ҰБТ басталғаннан бері 164 мың рет тест тапсырылды. 266 талапкер 130 балдан жоғары нәтиже көрсетті.
Ғылым • 18 Маусым, 2024
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-ұстаз Нариман Қыпшақбайұлының 90 жасқа толуына орай «Қалай кәсіби гидротехник болуға болады?» атты дөңгелек үстел өтті.
Есірткі • 18 Маусым, 2024
Есірткі саудасы қашан тыйылады?
«Солтүстік Қазақстан облысында есірткі таратумен айналысқан 23 жастағы жігіт 15 жылға сотталуы мүмкін». Жуырда осындай ақпаратты Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсындағы жаңалықтан оқып қалдық. Өмірдің қызығын енді көре бастаған өрімдей жастың алдағы 15 жылы темір тордың арғы жағындағы түнекте өтетінін елестетсең, жүрекке әжептәуір салмақ түседі. Ішті күйдіретіні сол, бұл жігіт оңай олжаға кенелем деген «кәсібімен» небәрі бір-ақ апта ғана айналысып үлгеріпті.
Ғылым • 18 Маусым, 2024
Нанотехнологияның биігін бағындырған
Әйгілі топырақтанушы Вильямс «Ғылымда демалыс жоқ. Ғылым үшін демалыс жұмыстың өзгеруі ғана» дейді. Бұл ойды ғылымның отанына айналған АҚШ-та 20 жыл білім алып, үлкен зерттеулер жасаған Нұршат Нұражы да құптайды. Себебі ол ешқашан ізденістен танған емес. Оның нанотехнология туралы зерттеуі ғалымдар арасында құнды. Ал бұл жолы қазақ ғалымы мұнайдан өңделетін дәріні биоқалдықтан жасаймыз деп ниеттеніп отыр. Назарбаев университетінің профессоры, химия инженері Нұршат Нұражы бастаған ғалымдар тобы мұнайдан өңделетін дәрі-дәрмекті тірі ағзалардың қалдығынан алу жобасын іске асырып жатыр. Бұл зерттеу – ұтымды инженериялық шешім. Еліміздің мұнайға негізделген экономикасын әртараптандыруға үлес қосады. Ғалымның өзімен, ерекше жаңалығымен танысайық.
Медицина • 18 Маусым, 2024
Өңір медицинасындағы ауқымды жобалар
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында облыстағы емдеу мекемелеріне санитарлық автокөліктер кілті табыс етілді. Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев арнайы келіп қатысты.