Қаржы • 30 Маусым, 2022
Қазақстандықтардың мемлекетке қарызы көп
Елімізде салық төлемей, мемлекетке қарыз болып жүргендер көп. Қазақстандықтардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша берешегі 919 мың салық төлеуші бойынша 24,3 млрд теңгені құрапты. Соның ішінде берешектің негізгі сомасы көлік құралдары салығына тиесілі – 22,8 млрд теңге.
Аймақтар • 30 Маусым, 2022
«Алтыналмас» – ESG-клубының негізін қалаушылардың бірі
Алтын өндіру ісінде айтарлықтай табысқа жеткен «Алтыналмас» компаниясы өз мүмкіндіктерін кеңейтіп келеді. Күні кеше алпауыт ұжым ESG клубының негізін қалаушылардың бірі атанды. Ал Ұлттық ESG клубы тұрақты даму және ESG қағидаттарын ілгерілететін жауапты инвесторлар мен компанияларды жұмылдыру бойынша фронт-алаңға айналмақ.
Қазақстан • 30 Маусым, 2022
Жақында Қазақстан Республикасы Президенті жанынан құрылған Ұлттық құрылтайға мүше болдым. Жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға Ұлттық құрылтайдың Ұлытау облысында өткізілуінің екі айрықша мағынасы бар. Осы аймақтың тұрғыны ретінде бұл таңдаудың мәніне тоқталғым келеді.
Қазақстан • 30 Маусым, 2022
Ұлытауда өткен құрылтайда елдік мәселелер қозғалып, маңызды бастамалар көтерілді. Бұл құрылтай ел тағдырындағы шешуші кезеңдерде тұлғаларды жинап, ақылдасатын дәстүрдің жаңғырған үлгісі іспетті. Бұрынғы және қазіргі дәстүр алмастығы, яғни ел өкілдері Президентпен бетпе-бет кездесе отырып, пікір-ұсыныстарын айтты.
Қазақстан • 30 Маусым, 2022
Ауылдық жерлерде жұмыс орындарын ашып қана қоймай, жас мамандарды тарту үшін сапалы материалдық-техникалық база, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым құрылуы тиіс. «Ауыл – ел бесігі» және «Дипломмен – ауылға!» жобаларының жүзеге асырылу барысы талқыланған Amanat партиялық бақылау комитетінің кезекті отырысында осындай ұсыныс айтылды.