Айбын • 13 Маусым, 2024
Астана қаласындағы 6636 әскери бөлімнің айдауылмен алып жүру жөніндегі ротасында жүзге жуық әскери қызметші бар. Сот қарауылы сапындағы жауынгерлердің арасында атқыштар ротасының қарауыл басшысы, аға сержант Алтай Жухин де 15 жылдан бері қызмет етіп келеді.
Әскер • 13 Маусым, 2024
«Бірлестік-2024» оқу-жаттығуы аясында әскери инфрақұрылым нысандары тексерілді. Іс-шара барысында Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары, генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Ақтау өңірлік гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінде болды.
Руханият • 13 Маусым, 2024
Алматыдағы қазақ мәдениеті мен ғылымының қара шаңырағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы шежірелі көне тарихтың өзіндей емес пе? Аталған орданы тұңғыш басқарған мемлекет қайраткері Ораз Жандосовтан бастап, бүгінгі басшылыққа дейінгі аралықта қаншама тұғырлы тұлғаларымыздың рухани ордасына айналған кітапхана бұл.
Тарих • 13 Маусым, 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен құрылған Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия аясында елімізде жүйелі жұмыс атқарылды. Мемлекеттік комиссияның Жобалық кеңсесі ұсынысымен қуғын-сүргін бойынша 2,5 млн-нан астам құпия құжат құпиясыздандырылды, 311 мыңнан аса құрбан мен зардап шеккен азамат ақталды. Мемлекеттік кеңесші – Мемлекеттік комиссия төрағасы Ерлан Қариннің басшылығымен «ХХ ғасырдың 20–50-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша Мемлекеттік комиссия материалдары» сериясымен том-том жинақ жарияланды.
Ұстаз • 13 Маусым, 2024
Соғыс және еңбек ардагері, қан майданда Отаны үшін қан төгіп, бейбіт өмірдегі бүкіл саналы ғұмырын оқу-ағарту ісіне арнаған білім қайраткері, ІІІ дәрежелі «Даңқ», І, ІІ дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерінің, көптеген медальдың иегері, Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері, КСРО оқу-ағарту ісінің үздігі Мәткәрім Досжановтың өмір жолы қай қиырынан алып қарасақ та, үлгі-өнегеге толы.