Қоғам • 04 Маусым, 2016
Бұлақ бастаудан, жылғалардан басталып бара-бара арнасы кеңейіп, өзенге барып құяды. Өзен де жол-жөнекей мың-сан бұлақтармен молайып, айдынға барып қосылады. Кейде көпті көрген қарияға ұқсап ой түбіне батып, үнсіз жататын айдын көл жел шайқаса толқып, тебіреніп шежірелі қарттай «сөйлеп» қоя береді: ғасырлар қойнауынан ой толғап, оны айналасына толқындардың сарыл-гүріл тілімен сыр қып, жыр қып айтып жататын сияқтанады.