Экономика • 06 Маусым, 2019
Әлихан Смайылов Сингапур Республикасының Сауда және өнеркәсіп министрімен кездесті
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Сингапур Республикасының Сауда және өнеркәсіп министрі Ко По Кунмен кездесті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 06 Маусым, 2019
Маңғыстауда «Маңғыстау жұлдыздары» фестивалі мәресіне жетті
XІ өнер фестивалі биыл «Жетістікке жетелейтін жеті қыр» тақырыбымен өтті.
Қазақстан • 06 Маусым, 2019
Бақытбек Иманәлиев қызметінен босатылды
Бақытбек Зүбайраұлы Иманәлиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Сайлау • 06 Маусым, 2019
Шымкентте Сайлау күні қоғамдық көліктер тегін жүреді
9 маусым күні өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына дайындық іс-шаралары қыза түсті. Шымкентте осы күні 260 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Елдегі айтулы саяси науқанға орай Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында «Өзіңіздің сайлау учаскеңізді табыңыз» электронды бөлімі жұмыс істеп тұр.
Аймақтар • 06 Маусым, 2019
Шымкентте 1000 орындық аурухана салынады
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов аталған ірі жобаны қаржыландырып отырған инвесторлармен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы бұл жоба Үкімет тарапынан бекітілген ірі жобалардың бірі екенін айтып, оны жүзеге асыру үшін әкімдік барынша қолдау көрсететінін жеткізді. Құрылыс жұмыстарына әкімдік тарапынан 150 гектар жер бөлініп, сәулеттік-құрылыс жобасы бекітілген нысанның құрылыс жұмыстары тамыз айында басталады деп жоспарлануда.