Экономика • 06 Маусым, 2019

Әлихан Смайылов Сингапур Республикасының Сауда және өнеркәсіп министрімен кездесті

960 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Сингапур Республикасының Сауда және өнеркәсіп министрі Ко По Кунмен кездесті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлихан Смайылов Сингапур Республикасының Сауда және өнеркәсіп министрімен кездесті

Кездесу барысында Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Әсіресе, екі ел арасындағы қызметтердің еркін саудасы мен инвестициялар туралы келісімге назар аударылды.

«Бізде тауар айналымының көлемін арттыру әлеуеті бар, қалыптастырылып жатқан еркін сауда аймағы бұған ықпал етуі тиіс. Биыл күзде осындай маңызды шартқа қол қоюды жоспарлап отырмыз» деді Ә. Смайылов.

Қазақстан өз тарапынан келіссөздерді белгіленген мерзімде аяқтау үшін барлық күш-жігерді жұмсауға дайын.

«Болашақ Келісім елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттырудың маңызды құралына айналады» деді Ә. Смайылов.