ЭКСПО-2017 • 06 Маусым, 2017
70 жастағы зейнеткер ЭКСПО-ның жасы ең үлкен еріктісі болды
Көрмеде өз еркімен көмектесуге ниет білдірген ең жас ерікті 15 жастағы Назарбаев интеллектуалдық мектебінің оқушысы, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 06 Маусым, 2017
Айналмалы аттракцион Астана күніне қарай ашылады
Ол Қазақстандағы ең биік аттракцион болып есептеледі. Нысанның биіктігі 65 метр, бұл 22 қабатты ғимараттың биіктігімен бірдей. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Ауыр атлетика • 06 Маусым, 2017
Алексей Ни: Ильин мен Чиншанло Токио Олимпиадасына қатысуы мүмкін
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Алексей Ни Илья Ильиннің қайта тұғырға оралуы мүмкін екенін мәлімдеді. Одан бөлек, бапкер Зульфия Чиншанлоның Токио Олимпиадасына қатысу мүмкіндігі туралы айтып берді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Қазақстан • 06 Маусым, 2017
«Тайсойған полигонының 624 мың гектар жері Ресейден қайтарыла бастады»
Атырау облысында табиғат қорғау шараларына соңғы бес жылда 452 млн теңге бөлінді. Алайда, мұнайлы аймақтағы экологиялық ахуал айрықша көңіл бөлуді қажет етеді. Ірі кәсіпорындар тарапынан ауа қабатына зиянды заттар тастау фактілері әлі бар. Күні кешегі Теңіз кенішінде болған апат – соның тағы бір мысалы. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Орақ Бисембиевпен сұхбатта қоршаған ортаны қорғау жайы сөз болған еді.
Аймақтар • 06 Маусым, 2017
Абайдың «Толық адам» ілімі оқу үдерісіне енгізіледі
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының оқу үдерісіне Абайдың «Толық адам» ілімін енгізу жоспарланып отыр. Мақсат – ақынның ақыл, адамгершілік, имандылық сияқты адами құндылықтарды арқау еткен әдеби мұралары арқылы жастарды тәрбиелеу.