Көрмеде 3 мың адам ерікті болуға ниет білдірген, бір орынға 6 адам үміткер болған, деп жариялады қалалық жастар саясаты жөніндегі басқарма бысшысы Асхат Оралов.
Оның сөзінше, іріктеудің басты талабы – тіл меңгеруіне ерекше ден қойылған.
- Біз үш тілді ерікін меңгерген ең үздік адамдарды таңдап алдық. Біздің базада түрік, қытай, итальян, және өзге де тілдер бар. «Болашақ» бойынша алыс шетелдерде оқып жатқан студенттер де қатысуға өтініш білдірді, - дейді А.Оралов.
Ораловтың айтуынша, үміткерлерді іріктеуде жас ерекшелігіне мән берілмеген. Ең жас ерікті 15-те. Ол Назарбаев интеллектуалдық мектебінің оқушысы, бірнеше тілдерді біледі. Ал, ең үлкен көмекші - 70 жаста.
- Бүгін бізде 50-ден астам зейнеткер оқытылды. Бұл зейнеткерлеріміз бен жастарға өте пайдалы. Жасы үлкен азаматтардың көбі неміс тілін меңгерген, ал жастар сәйкесінше, ағылшын тілін біледі, - дейді А.Оралов.
Ұйымдастырушылар әсіресе шетелдіктердің шара барысында көмектесуге ниет танытқаны таңғалдырғанын айтады. Мысалы, Астанаға Италиядан 12 ерікті келе жатыр. Олар Миланда өткен ЭКСПО-2015 көрмесінде де өз еріктерімен көмектескен. Енді міне, Қазақстан астанасына келіп, өз тәжірибелерімен бөлісіп, көрменің өтуіне атсалыспақ.
Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі өз жұмысын 10 маусым күні бастайды.