Спорт • Бүгін, 12:49

Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Италияның Милан қаласындағы «Сан-Сиро» стадионында XXV қысқы Олимпия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді

Астана уақытымен сағат 23:55-тен бастап бәсекенің тұсаукесер кешін еліміздің 4 телеарнасы − Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» және Jibek Joly тікелей эфирде көрсетеді.

Ұлттық құрамалар шеруінде Мемлекеттік туды Денис Никиша (шорт-трек) мен Аяулым Әмренова (фристайл-могул) ұстап шығады.

Қысқы Олимпиада ойындары: Ұландық спортшылар ел намысын қорғайды

Айта кетейік, ашылу рәсімі 4 локацияда қатар өтеді. Денис Милан қаласында, ал Аяулым шаңғы жарыстары өтетін Ливиньо коммунасындағы рәсімде болады. Салтанатты кештің тақырыбы Armonia (итальян тілінен аударғанда «гармония», «үйлесім») деп аталады.

Олимпиада: Қазақстан биатлоншыларына 4 жолдама берілді

Сондай-ақ биыл Олимпиада алауы алғаш рет 2 тұста тұтанады. Олар: Миландағы салтанат қақпасы мен Кортина-д’Ампеццодағы Пьяцца Ди-бона алаңы.

Барлығы Милан-Кортина Олимпиадасында ел намысын 10 дисциплинада 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) қорғайды. Жалпы додаға 93 мемлекеттен 3000-ға жуық атлет қатысады. Олар 16 бағдарламада 116 медаль жиынтығын сарапқа салады. Олимпиада 22 ақпанда мәресіне жетеді. Ұлттық құрама спортшылары қатысатын барлық сайысты Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» және Jibek Joly тікелей эфирде көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар