Күрес • 08 Маусым, 2024
Будапештте күрес түрлерінен Мажарстанның мақтан тұтар перзенттері – Имре мен Варга Яношты еске түсіруге арналған халықаралық турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасының қоржынына үш жүлде түсті.
Сұхбат • 08 Маусым, 2024
Садық МҰСТАФА: Жұмыста жүйе болмаса, спортшыда жүлде болмайды
Соңғы кездері дзюдодан Қазақстанның ерлер құрамасы сәтсіз өнер көрсетіп жүргені белгілі. Оған дәлел – былтырғы Азия ойындары мен биылғы Азия чемпионатының қорытындысы. Ал әлем чемпионатында жүлде алмағанымызға біраз жылдың жүзі болды. Осы сәтсіздіктің сыры неде? Осы және басқа да сауалдарды танымал бапкер әрі спорт функционері, дзюдо, қазақ күресі және ауыр атлетикадан еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қызылорда облысы дзюдо федерациясының президенті Садық Мұстафаевқа жолдадық.
Аңдатпа • 08 Маусым, 2024
Аңдатпа: Қазақквартет шақырады
9 маусым - «Астана Опера» сахнасында «Қазақквартет шақырады» топтамасынан «Өткен ғасыр кумирлері» концерті өтеді.
Өнім • 08 Маусым, 2024
Павлодарда жыл сайын аста-төк жиналатын картопты өңдеу мәселесі кенже қалғаны газет бетінде аз жазылып жүрген жоқ. Облыс фермерлері жергілікті нарықтағы сұраныстан 10-12 есе көп түйнек өсіреді. Осы түйткілді ескерген шаруашылықтардың бірі келер жылы 20 мың тонна картоп қытырлағын шығаратын зауыт ашуды ойға алып отыр.
Аймақтар • 08 Маусым, 2024
Жаз мезгілінде күн күрт ысыса, оңтүстіктегі жұртшылық өрттен қауіптенетіні анық. Өткен жылы Абай облысында болған орман өрті талай атқамінерді ойландырған еді. Әйтсе де, тілсіз жау осы жылы жамбылдықтардан сырт айналып өткен жоқ.