Алматы • 05 Маусым, 2023
Еңселі Алатаудың етегінен орын алған «Аңсаған cәби» мүсіні отандық репродуктивті медицинаның жетістіктерінің рәмізі десек те болады. Әрі бұл мүсін ел халқының репродуктивті денсаулығын жақсартуға бағытталған президенттік бағдарламаның құрметіне қойылды.
Үкімет • 05 Маусым, 2023
Өңірлерді дамытудың өзектілігі
Мәжілісте елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі туралы Үкімет сағаты өтті. Жиын барысында өзекті мәселелер талқыланып, оны дамыту жолдары сөз болды.
Құқық • 05 Маусым, 2023
Заңсыз шығарылған активтер қайтарылады
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті – еліміздің аграрлық саласына білікті мамандар даярлауда көшбасшы жоғары оқу орны. Осыдан біраз уақыт бұрын университетке қарасты мүліктердің жекеменшікке өтіп кеткеніне тиісті орындар назар аударып, тексеру жұмыстары қолға алынғаны белгілі. Аграрлық білім мен ғылымның қара шаңырағында туындаған біраз былық пен заңсыздық білім сапасы мен инфрақұрылымдық дамуына кері әсер етіп қана қоймай, көптеген мәселенің қордалануына алып келді.
Қаржы • 05 Маусым, 2023
Қаржы секторының ішінде банк саласының шоқтығы биік. Десе де өзге салалардың да нарықтағы орны жыл санап айқындалып, әрі үлкен сұранысқа ие болып келе жатқанын жоққа шығара алмаймыз. 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның 12-сі шетелдің қатысуымен, оның ішінде 8-і – еншілес банк. 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банк секторының активтері 0,4%-ға немесе 184 млрд теңгеге азайып, 44,8 трлн теңге болды (жыл басынан бері 0,6%-ға немесе 0,3 трлн теңгеге өсу). Бұған өтімді активтердің 3,6%-ға немесе 697 млрд теңгеге кемуі әсер еткен.
Қоғам • 05 Маусым, 2023
Қарағандыда полиция подполковнигі пара алды деген күдікке ілінді
170 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Қарағанды қалалық ПБ-ға қарасты Киров ПБ бастығының орынбасары-полиция подполковнигі ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.