Жұмыс • 07 Маусым, 2024
Кадр әлеуеті қалай бағаланып жүр?
Еңбек саласындағы соны бетбұрыс кадр әлеуетінің құнды капитал негізі ретінде қарастырылуымен, жұмыс күшінің технологиялық жетістіктерге интеграциялануымен сипатталады. Осындай тектоникалық өзгерістер кезеңінде таланттарды тиімді басқару міндеті де күрделі. HR технологияларының мұны шешудегі рөлін түсіну стратегиялық шешімдерді әзірлеу үшін өте маңызды.
Еңбек • 07 Маусым, 2024
Дарқан даланың даналығын бойына жинаған халқымызда «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейтін қанатты сөз бар. «Байдалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторы Жұматай Қайыржанов та – темірдің тілін білетін әкесінің жанында жүріп, өнегесін өмірлік серік еткен адам.
Аймақтар • 07 Маусым, 2024
Жаңбыр сеуіп өткеннен кейінгі жарқыраған ашық күннің астында үйлерін су басып, дүние-мүліктерінен де айырылып, қамкөңіл болып жүрген жандарға кеше облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бұрын «Солнечный-2» болып, енді «Бірлік» атанған шағын ауданның орталық алаңында жаңа үйлердің кілтін салтанатты жағдайда тапсырды.
Әлем • 07 Маусым, 2024
Жаңашыл түркі медиа платформасы – ортақ қажеттілік
Баспасөз хатшысы қызметінің тамырына қан жүгірту үшін қандай кәсіби біліктілік қажет? Билік, халық пен журналистка – осы үш тағанды байланыстыратын ортақ құндылықтар қандай? Үшеуінің арасында ақпараттық дәнекер болудың маңыздылығы неде? Технология қарыштап дамып, әлемдік сын-қатерлер күн санап асқынып бара жатқанда бұл қызметтің ауыртпалығы неде, жауапкершілігі қандай? Өзбекстан астанасы Ташкентте бас қосып, осы және өзге де өзекті мәселені кеңінен талқылаған Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің министрліктері мен ведомстволарының баспасөз хатшылары қазіргі заманғы медиа кеңістікте ақпарат берудегі жасанды интеллектінің әлеуетін сарапқа салып, әлеуметтік желі платформаларының жаңа мүмкіндіктерін жан-жақты қарастырды. Аталған жиынға еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен бір топ әріптестеріміз қатысып қайтты.
Маман • 07 Маусым, 2024
Заңгер даярлаудың көкейкесті міндеті
Мемлекет пен қоғам өмірінде құқықтың атқаратын рөлі аса маңызды. Өйткені барлық сала құқық нормалары арқылы реттеледі. Құқық ережелерді белгілеп, олардың орындалуын қамтамасыз ету арқылы қоғамдық тәртіптің сақталуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына кепілдік беретін жүйені қалыптастырады. Ал құқықтық білім – осы маңызды міндеттерді жүзеге асырудың негізгі тетігі.