Қазақстан • 27 Маусым, 2018
Цифрлы технологиялар «жаңа мұнайға» айналады
Қызылордада өткен бір жиында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «бақырып бастық болатын заманның» өтіп бара жатқанын тағы да бір еске салған. Бұл заман – кісілігін ат тарта алмайтын менмендердің емес, уақыт талабын жақсы түсініп, жаңа технологиялармен жұмыс істеуге қабілетті адамдардың заманы. Яғни әкімдіктердің жұмысы түбегейлі өзгереді. Бұл жағдай облыста «Цифрландыру: аймақтардың дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер» атты интернет-форумда тағы да нақтыланды.
Қазақстан • 27 Маусым, 2018
Қазақстан-Қытай: 51 инвестициялық жобаның төртеуі іске асырылды
Шығыстағы қоңсымыз Қытай – әлемдік аренадағы аса ірі инвестор ретінде әлдеқашан өзін мойындатқан мемлекет. Соңғы жылдары басқаларын айтпағанда, Еуроодақтың дамыған елдерінің өзі түрлі бағдарламаларды жүзеге асыру үшін Қытай инвестициясына иек артуды жөн көреді. Қытаймен арада екіжақты тиімді байланыстың тетігін тапқан Қазақстан да осы үрдістен қалыс қалмақ емес.
Қазақстан • 27 Маусым, 2018
Білім және білік: Кәсіптік білім беру жүйесі жетілдірілуде
Жаһандану мен индустрияландыру жағдайында кадр даярлауды жақсарту мемлекет саясатындағы өзекті міндеттердің бірі. Дамыған елдерде өндіріс үшін кадрлардың негізгі провайдері –техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесі. Сондықтан ТжКБ ұйымдарына ЮНЕСКО шеңберінде назар аударылады. БҰҰ декларациясы бұл жүйені мыңжылдық даму мақсатына жатқызды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында халықаралық талаптар мен цифрлы дағдыларды ескере отырып колледж бағдарламаларын жаңартуға, «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруға назар аударды. 2011 жылы құрылған «Кәсіпқор «холдингі» КЕАҚ орта білімдегі Назарбаев зияткерлік мектептері мен жоғары білімдегі Назарбаев Университет сияқты колледждердің «өсу нүктесі» бола отырып, әлемдік озық тәжірибені барлық колледжге таратуды көздейді.
Әдебиет • 27 Маусым, 2018
«Қараөткелге қашық емессің, Қараөзек!» (Эссе)
Жұмбақтайтын түгі жоқ, мәселе баршаға түсінікті. Біздікі сол «баршаға түсінікті» жағдайдың тамырына қайтадан қан жүгіртіп, кеуде керген қуаныштың әсерімен тағы да баршадан сүйінші сұрау. Иә, мұнда тұрған не бар деп, құлақ қақпастан сүйретіліп жүре беруі де мүмкін-ау әлдекімдердің. Осы немкеттілігімізден қанша мәрте таяқ жесек те селт етпейтін бойкүйездігіміз-ай. Мейлі, әлгілердің сол солақай мінездері үшін сот залына сүйрегелі жатқан кім бар. Тарта берсін үйреншікті әуенімен.
Аймақтар • 27 Маусым, 2018
Өскеменде жетім өскен бойжеткенге пәтер кілтін сыйлады
Биыл өңірде аталып өткен мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі жүрек тебірентер, көңіл толқытар сәтімен есте қалды. Есте қалғаны сол, мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты шара барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің ұжымы Өскемендегі «Үміт» балалар үйінің түлегі, 17 жастағы Диана Биғалиеваға пәтер кілтін табыстады.