Аймақтар • 06 Маусым, 2024
Өзекті мәселелер шешімін тауып келеді
«Елге ел қосылса – құт» дейді халқымыз. Ұлы Абай, дана Шәкәрім, заңғар Мұхтар дүниеге келген, Алаштың айбоз ұлдары ту қадаған ұлағатты өлке Семейдің өз алдына отау тігіп, ірге бекіткеніне екі жыл толды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен құрылған облыста осы уақыт аралығында нендей жұмыстар атқарылды? Өңірдегі өзекті мәселелер қалай шешімін тауып жатыр? Алдағы жоба-жоспарлар қандай? Осы және өзге де сауалдар төңірегінде облыс әкімі Нұрлан ҰРАНХАЕВ газетіміздің тілшісіне арнайы сұхбат берді.
Халық • 06 Маусым, 2024
Бас аман, мал-мүлік түгелденсе...
Батыс Қазақстан облысында көктемде су басқан елді мекендерде тіршілік қалыпқа келе бастады. Мәселен, Қаратөбе ауданы Қоржын ауылы биылғы көктемде алапат су тасқынынан зардап шегіп, үй-жай мен қора-қопсы түгел су астында қалған еді. Табиғат апатынан адам аман қалғанымен, 970 бас қой-ешкі, 80 бас ірі қара, он шақты жылқы құрбан болды.
Қаржы • 06 Маусым, 2024
«Қазақстанның қаржы секторы: Стратегиялық сын-қатерлерге – 25 жыл» атты қаржыгерлер форумында саланы дамытудың өзекті мәселелері мен мүмкіндіктері талқыланды.
Сұхбат • 06 Маусым, 2024
Нариман Қыпшақбайұлы: Суды құнттау елдік саясатқа айналуы керек
Қаз КСР Мелиорация және су шаруашылығы министрлігінде аға су инженерінен министр лауазымына дейінгі қызмет баспалдақтарын адал еңбегімен жүріп өткен Нариман Қыпшақбайұлының өмір жолы су саласын дамытумен тығыз байланысты. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Су ресурстары жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы қызметін атқарған айтулы тұлға – қазір Мемлекетаралық су шаруашылығы комиссиясының ғылыми-ақпараттық орталығы Қазақ филиалының директоры. Жақында Президент Жарлығымен Нариман Қыпшақбайұлы «Отан» орденімен марапатталды. Су шаруашылығы ардагерімен саланың ахуалы туралы әңгімелескен едік.
Талбесік • 06 Маусым, 2024
Орман шаруашылығын дамытуға жауапкершілік қажет
«Amanat» партиялық бақылау комитетінің отырысында алдағы жазғы-күзгі өрт қаупі кезеңіне байланысты орман және табиғатты қорғау мекемелерінің кадр тапшылығы, техниканың тозуы, ұшқышсыз ұшатын аппараттар сатып алу және орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын арттыру сынды өзекті мәселелері талқыланды.