Күрес • 26 Маусым, 2018
Грек-рим күресінен «Алтын Гран-приден» Қазақстан командасы 9 жүлдемен оралды
Венгрияның Дьер қаласында грек-рим күресінен өткен «Алтын Гран-при» турнирінде бақ сынаған Қазақстанның ұлттық құрама командасы тоғыз жүлдені иеленіп, елге олжалы оралды.
Қазақстан • 26 Маусым, 2018
Аймақтар • 26 Маусым, 2018
Қызылордалық 500-ге жуық студент Ресейде оқиды
Дана халқымызда «білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген аталы сөз бар. Сақалына шіркей ұялап, ел, жер қорғау үшін ат үстінен түспеген батыр бабаларымыз жалаң қылыш, саптаулы найзамен жаңбырдай оқ жаудыратын құрулы пулемет, атқанда үйдей жерді қопарып жіберетін зеңбірекке қарсы шапқанда да өнерлі жұрттың қай жағынан да мықты екендігін ұғып, бармағын шайнады. Мыңға салса қайтпас ерлер қойдың құмалағындай қорғасын оқтан ажал құшты.
Төріңе шығарсаң да, төбеңе шығарма!
«Қазақ – қонақжай халық». Ақиқатын айтар болсақ, бүгінде «қонақжай» сөзі жаттандылыққа, таптаурын теңеуге айналып бара жатқандай. Өйткені, алаш жеріне ат басын бұрғандар қонақжайлықты басқаша қабылдайтын тәрізді: шектен тыс еркінсу, қазаққа ақыл үйрету, қалай ел болуға баулу, несібесіне қол салу. Қазақтың «қонақжайлылығын» пайдаланып, төрлеткеннен кейін төбесіне шыққысы келетіндей ме, қалай?!
Қазақстан • 26 Маусым, 2018
Астананың алғашқы орта білім ордасы
«Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға, қазақ жанына үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады», деп ақын Мағжан айтқандай, еңселі елордамыз – Астана қаласымен бірге бой көтерген №38 мектеп-лицейі 1999 жылы 1 қыркүйекте Астана қаласындағы тұңғыш қазақ мектеп-лицейі болып ашылды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мектеп-лицейдің ашылу салтанатына қатысып, шәкірттерге білім кілтін табыс етіп, ақ батасын берген еді. Елбасы жүктеген міндетті орындап келе жатқанымызға 20 жылдай уақыт өтіпті.